Қоғам

Әсел Айтпаеваны зорлады деген күдіктінің неден өлгені анықталды

CC0 / / Больница, носилки
Больница, носилки - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.07.2021
Жазылу
Бұған дейін айыпталушыға медициналық тексеру жүргізіліп, артериялық гипертензия диагнозы қойылған

АЛМАТЫ, 16 шілде – Sputnik. Қазақстандық Әсел Айтпаеваны зорлады деп айыпталған Бесик Тордуаның өліміне ми инфаркты себеп болуы мүмкін, деп хабарлады Sputnik Грузия.

2021 жылдың 28 мамырында елдің арнайы пенитенциарлық қызметінде айыпталушыға медициналық тексеру жүргізіліп, артериялық гипертензия диагнозы қойылған. Соған байланысты ол үнемі медицина қызметкерлерінің бақылауында болды.

2021 жылдың 30  маусымында Тордуа дәрігерге басы қатты ауырып тұрғанын, есінен танып қалғанын айтқан. Ол сөйлеу қабілетінің бұзылуына және қан қысымының жоғарылауына әкелген.

Тордуа жедел жәрдеммен азаматтық емханаға жеткізілді. Емханада жүргізілген мидың компьютерлік томографиясының нәтижесі және неврологтың кеңесі бойынша оған ми инфаркты диагнозы қойылды.

"Ауыр жағдайда болғанына байланысты айыпталушы жансақтау бөліміне жатқызылды, ем қабылдап, интенсивті бақылауда болды. Нейрохирургтың кеңесіне байланысты шұғыл операция жасау қажеттілігі туындады. Операциядан кейін науқастың жалпы жағдайы ауыр, гемодинамика көрсеткіштері тұрақсыз болып қала берді", - делінген пенитенциарлық қызметтің хабарламасында.

Ем көрсетілгеніне қарамастан науқастың жағдайы нашарлады. 2021 жылдың 14 шілдесінде жүрек ырғағы бұзылып, көп ұзамай оның жұмысы тоқтады.

"Жүрек-өкпе реанимациясы хаттамаға толық сәйкес басталды, бірақ жүректің механикалық функциясын қалпына келтіре алмады. Науқас қайтыс болды", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін 26 жастағы Қазақстан азаматы Әсел Айтпаеваны зорлады деп айыпталған Бесик Тордуа түрмеде өлі табылғаны туралы ақпарат тарады.

Әсел Айтпаеваның өлімі: күдікті түрмеде өлі күйінде табылды 

Іс бойынша тергеу әлі аяқталған жоқ.

Әсел Айтпаеваның қазасы

26 жастағы қазақстандық Әсел Айтпаева Грузиядағы үйінің терезесінің астынан өлі табылды. Бойжеткен ол жаққа көлік сатумен айналысатын автосалонға жұмысқа кеткен. Қайтыс боларының алдында қыз өзін мазақ етіп, қорқытқанын айғақтайтын аудио жіберген.

Әсел Грузияға өзінің алыс туысы – немере әпкесінің күйеуі Мұрат Мейірбековтың шақыруымен жұмыс істеуге барған. Ол қыздың өліміне қатысы болды деген күдікпен ұсталды. Сонымен қатар осы күдікпен Грузияда 57 жастағы Бесик Тордуа да қамауға алынды. Бойжеткен туыстарының үйінен кетіп, ер адамның үйіне тоқтаған. Оған қазір "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша да айып тағылды. Алайда марқұмның отбасы істі "кісі өлтіру" бабы бойынша қарау керек деп отыр.

Қазақстан Грузияға тергеу тобын жіберді. Кей мәлімет бойынша Әсел адам саудасының құрбаны болған.

Тергеу барысын Қазақстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Эльвира Әзімова өз бақылауына алды.

Жаңалықтар
0