Қоғам

COVID-19: денсаулық министрлігі қандай науқастар ауруханаға жатқызылмайтынын айтты

© AFP 2024 / SEBASTIEN BOZONМедицинская аппаратура в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом
Медицинская аппаратура в палате интенсивной терапии в больнице с коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2021
Жазылу
Стационар мен реанимация және интенисвті терапия бөліміне ауыр және аса ауыр жағдайдағы науқастар жатқызылады

НҰР-СҰЛТАН, 14 шілде — Sputnik. Егер коронавирус жұқтырған науқастың өкпесінің зақымдалуы 50%-тен аспаса, онда ол стационарға жатқызылмайды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Мына науқастар амбулаториялық деңгейде бақылауда болады және ем қабылдайды:

  • COVID-19 симптомсыз түрін жұқтырғандар;
  • COVID-19 жеңіл түрімен ауырып жатқандар;
  • COVID-19 орташа ауырлық деңгейдегі науқастар (көрсеткіші бойынша стационарға жатқызылғанға дейін);
  • стационардан шығарылғаннан кейін COVID-19 белгісі бар науқастар.

Бас санитар дәрігердің қаулысына сәйкес эпидемияға қарсы режимді сақтау және науқастың жағдайы күрт нашарлағанын білдіретін кез келген симптомын алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметкері жіті бақылау мүмкіндігі болған жағдайда науқастар медициналық көмекті үйден ала алады.

Сонымен қатар жағдайы нашарлаған және ауруды асқындыратын қауіп факторлары бар ауырлығы орташа деңгейдегі науқастар жедел түрде аурухана жатқызылуы керек (бұл жасы 60-тан асқан, сондай-ақ қан айналымы жүйесінің ауруы бар (артериалды гипертония, ишемиялық жүрек ауруы, созылмалы жүрек қызметінің жетіспеушілігі), тыныс алу жүйесінің созылмалы ауруы (өкпенің обструктивтік созылмалы ауруы, бронхты демікпе, өкпедегі фиброзды өзгерістер), церебальді және иммунды тапшылық жағдайы бар (онкологиялық, гематологиялық аурулар, АИТВ-инфекция) бар адамдар).

Сондай-ақ науқастарға күтім жасау кезінде келесі талаптарды сақтау қажет:

  • Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес эпидемияға қарсы режимді сақтау, инфекция профилактикасы мен инфекцияның таралуын бақылау шараларын орындау;
  • Алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету мекемесіндегі білікті қызметкердің науқастың клиникалық жағдайының нашарлауын білдіретін кез келген белгіні/симптомды жіті бақылау мүмкіндігінің болуы.

"Клиникалық белгілер мен тексеру бойынша мәліметтер науқас жағдайының қаншалықты ауыр екенін анықтауға мүмкіндік береді. КТ-1 (өкпенің зақымдалуы 25%-ке дейін) және КТ-2 (50%-ке дейін) орташа ауыр деңгейге жатады. КТ көрсеткішінен бөлек қауіп тобына кіретін науқастар да ауруханаға жатқызылуы керек. Олар: 60 жастан асқан адамдар, артериалды гипертензия, қант диабеті бар, жүкті әйелдер, тыныс алу мүмкіндігі шектелген науқастар", - деді министрліктегілер.

Жаңалықтар
0