Қоғам

Коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау мерзімі белгілі болды

© Sputnik / Тимур Батыршин Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata
 Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2021
Жазылу
Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Жаңа қаулыға сәйкес, коронавирусқа қарсы вакцина алмаған қызметкерлердің жұмысқа келуіне шектеу енгізіледі.

Бұл талап тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар, соңғы үш айда коронавируспен ауырған жұмысшыларға қатысты емес.

"Жұмыскерлерге, тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда, 2021 жылдың 10 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылдың 1 қыркүйегіне дейінгі мерзімде вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егулер жүргізуді ұйымдастырсын", - делінген қаулыда.

Құжаттың толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.

Айта кетері, өткен тәулікте 5 314 қазақстандықтың коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті. 

Жаңалықтар
0