Қоғам

Коронавирустың таралу деңгейі жарияланды: қай өңірлер "қызыл" аймаққа енді

© Sputnik / Абзал КалиевҚызыл түсті шам жанған бағдаршам
Қызыл түсті шам жанған бағдаршам - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.07.2021
Жазылу
Қазақстанның өңірлерінде эпидемиологиялық жағдай нашарлады

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде  – Sputnik. Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы "қызыл" аймақта 13 өңірдің тұрғанын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырудың антирекордтық көрсеткіші тіркелді

2021 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
  • "Сары" аймақта: Алматы және Жамбыл облыстары.
  • "Жасыл" аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.

Қазақстанда өткен тәулікте 5 314 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды.

Сондай-ақ елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 472 106-ға жетті.

Жаңалықтар
0