НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Коронавирустың таралуы бойынша Қазақстандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы "қызыл" аймақта 13 өңірдің тұрғанын көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирус жұқтырудың антирекордтық көрсеткіші тіркелді
2021 жылғы 15 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы төмендегідей:
- "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары.
- "Сары" аймақта: Алматы және Жамбыл облыстары.
- "Жасыл" аймақта: Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстары.
Қазақстанда өткен тәулікте 5 314 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды.
Сондай-ақ елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 472 106-ға жетті.