Қоғам

Тоқаев бұрынғы білім министрін 95 жылдық мерейтойымен құттықтады

© Sputnik / Абзал КалиевАкорда
Акорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Жазылу
Қажахмет Балахметов 1974-87 жылдары Қазақ КСР оқу-ағарту министрлігін басқарды

АЛМАТЫ, 13 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев отандық білім беру саласының ардагері, Қазақ КСР оқу-ағарту министрлігін 13 жыл басқарған Қажахмет Балахметовті 95 жасқа толған мерейтойымен құттықтады.

Президент тарапынан ардагерге алғыс хат жолданып, төсбелгі табысталды. Оны мерейтой иесіне білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов табыстады, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

"Еліміздің жалпы білім беретін орта және жоғары оқу орындарын, оқу-ағарту министрлігін басқарып, қалалық және облыстық халық депутаттары кеңестерінің, Қазақ КСР Жоғары кеңесінің депутаты болған кезіңізде қоғам үшін аянбай еңбек етіп, отандық білім және ғылым саласын дамытуға белсене атсалыстыңыз. Ел игілігі жолында атқарған жемісті еңбегіңіз үшін сізге алғысымды білдіріп, торқалы 95 жасқа толған мерейтойыңызбен шын жүректен құттықтаймын", - делінген президент құттықтауында.

Мемлекет басшысы Балахметовтің қаламынан туған ғылыми жұмыстар білім және ғылым саласының зерттелуіне қосылған елеулі үлес екенін атап өтті.

Айта кетейік, Қажахмет Балахметов Қазақ КСР оқу-ағарту министрлігін 1974-87 жылдары басқарды. "Мое время", "Заман зерделері", "Менің туыстарым", "Школа на пути обновления" сияқты кітаптардың авторы.

Жаңалықтар
0