Қоғам

Қазақстанда грантқа құжат қабылдау қашан басталатыны белгілі болды

© Photo : Минобразования РКҰБТ
ҰБТ - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Жазылу
Жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Олар видео арқылы талапкерлерге кеңес береді

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Қазақстанда білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау 16 шілде күні басталады.

Құжаттар электронды форматта қабылданады, деп хабарлайды білім министрлігінің баспасөз қызметі.

"Талапкерлер мен олардың ата-аналарының денсаулығын қорғау мақсатында жоғары оқу орындарында виртуалды қабылдау комиссиялары жұмыс істейді. Олар бейнебайланыс арқылы кеңес береді. Оқуға түсушілер 6 мамыр мен 1 шілде аралығында өткен ҰБТ-ның екі нәтижесінің біреуін конкурсқа ұсына алады", - делінген хабарламада.

Өтініш берген кезде талапкерлер аттестат, аттестатқа қосымшаның электронды көшірмелерін және электронды құжат нысанындағы көлемі 3×4 сандық фотосуретті, сондай-ақ басқа да құжаттардың көшірмелерін қоса тапсыруы қажет.

Егер талапкер "Алтын белгі" иегері немесе отансүйгіштік және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен марапатталса, онда ол басқа үміткерлермен балы тең болған жағдайда басым құқыққа ие болады. Олимпиадалар мен спорттық жарыстардың жеңімпаздары үшін де осындай артықшылықтар қарастырылған.

Тағы оқыңыз: ҰБТ-2021: Аймағамбетов кімдердің бейнежазбасы тексерілетінін айтты

Талапкерлердің мұндай жетістіктері ескерілуі үшін құжат тапсыру кезінде растайтын құжаттардың көшірмелерін тіркеу қажет. Шет тілін меңгергенін растайтын халықаралық сертификат болған кезде өтініш беруші сертификаттың атауын, балын көрсетеді және электронды сертификатты тіркейді.

Сонымен қатар биыл білім министрлігі гранттарды бөлу кезінде алғаш рет халықтың әлеуметтік осал топтарына квота бөлді. Енді көпбалалы немесе толық емес отбасылардан шыққан балалар, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасылардағы талапкерлердің грант алу мүмкіндігі жоғарылай түсті.

ҰБТ-дан кемінде 65 балл жинаған талапкерлер ұлттық университеттерге түсе алады.

  • "Педагогикалық ғылымдар" – кемінде 75 балл;
  • "Денсаулық сақтау" − кемінде 70 балл;
  • "Ауыл шаруашылығы және биоресурстар", "Ветеринария" – кемінде 60 балл;
  •  басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл.
Жаңалықтар
0