Қоғам

Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасына тапсырма берді

© Sputnik / Абзал КалиевАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
Президент сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуды тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 12 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары сот кеңесінің төрағасы Денис Шиппті қабылдады, деп хабарлайды Ақорда.

Судьяның жұмыс үстелі, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2021
Қоғам
Депутат онлайн сот жайлы: соқыр мен саңыраудың әңгімесі
Тоқаевқа Жоғары сот кеңесінің биылғы жартыжылдықта атқарған жұмысының қорытындылары мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы баяндалды.

Сонымен қатар президентке әкімшілік әділет соттарының кадрлармен қамтамасыз етілуі жөнінде мәлімет берілді.

Кездесу соңында Тоқаев Шиппке сот корпусын одан әрі жаңғыртуға және сот жүйесіне мейлінше сауатты әрі құзыретті мамандарды тартуға септігін тигізуі тиіс бірқатар міндет жүктеді.

Жаңалықтар
0