Қоғам

"Қоғамға өте қауіпті": Тоқаев вакцина паспортын сататындарды қатаң жазалауға шақырды

© REUTERS / DADO RUVICПаспорт вакцинированного от коронавируса
Паспорт вакцинированного от коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.07.2021
Жазылу
Жалған сертификат жасау деректерін тұтас қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігіне төнген тікелей қауіп деп түсіну қажет, дейді президент

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде - Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  жалған вакцина паспортын жасайтындарды қатаң жазаға тартуды тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бұқаралық ақпарат құралдарында екпеге қатысты жалған құжаттар жасалғаны туралы деректер шығып жатыр. Бұл қоғам үшін өте қауіпті жағдай. Өйткені халық көп жиналатын жерлерде дерт жұқтырған адам да жүруі мүмкін. Сондықтан құқық қорғау органдары осы мәселеге баса назар аударуға тиіс", - деді Тоқаев үкіметтің кеңейтілген отырысында.

Президенттің айтуынша, пандемиямен күрестің негізгі жолы вакциналау екенін түсіну керек. Сондықтан жалған паспорт жасайтындар қатаң жазаға тартылуы шарт.

Оқи отырыңыз: Президент вакцинаны міндеттеу мәселесіне қатысты пікір білдірді 

"Бүгінде вакциналау туралы жалған сертификаттар жасау нарығы пайда болды. Мұндай деректерді тұтас қоғамның денсаулығы мен қауіпсіздігіне төнген тікелей қауіп деп түсіну қажет. Демек жазаға тарту шарасы да қатаң болуға тиіс. Бұл Әкімшілік кодекске сәйкес заң бұзушылық екені айдан анық", - деді Тоқаев.

Мемлекет басшысы бірыңғай тестілеу базасын және екпе салудың цифрлық картасын іске қосу қажеттігін де ерекше атап өтті.

Жаңалықтар
0