04:15 18 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
75 0 0

Үлгерімі төмен балалар үшін жеке және топтық сабақтар ұйымдастырылады, деп атап өтті Тоғжанов

НҰР-СҰЛТАН, 10 шілде – Sputnik. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов президентке мектептерді дәстүрлі форматқа ауыстыру іс-шаралары жайында баяндап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"20 тамызға дейін әкімдіктер әрбір мектепте ревизия өткізіп, санитарлық талаптарды қадағалайды. Бүгінде педагогтардың 89,1 проценті вакциналаудан өтті. 1 тамызға дейін барлық педагог толығымен вакцина алады. Ал қарсы көрсетілімі бар адамдар екпеден босатылады", - деді Тоғжанов үкіметтің кеңейтілген отырысында.  

Осы орайда президент білім сапасын көтеру жайында сұрады. Себебі пандемияның салдарынан бұл мәселенің өзектілігі арта түскен.

"Өткен оқу жылы негізінен онлайн форматта өтті. Білім беру сапасына кері әсері болғаны рас. Осы ахуалды түзету үшін қандай шаралар атқарылды?", - деп сұрады Тоқаев.

Оқушылар 1 қыркүйектен бастап мектепке барып оқиды

Үкімет басшысының орынбасары биыл республика бойынша жазғы мектептер ұйымдастырылғанын жеткізді. Оған 1 миллионнан астам бала қатысты.

"Екіншіден, жазғы уақытта ұстаздар үшін біліктілікті арттыру бойынша пәндік курстар ұйымдастырылды. Үшіншіден, білім министрлігі негізгі пәндер бойынша білім сапасын қалпына келтіруге арналған оқу бағдарламаларын әзірлеп отыр. Соның негізгі бағыты – күрделі тақырыптар. Ол күрделі тақырыптар анықталды. Жаңа оқу жылында оларды жетілдіру үшін арнайы уақыт бөлінеді", - деп атап өтті Тоғжанов.

Жаңа оқы жылында үлгерімі төмен балалар үшін жеке және топтық сабақтар да ұйымдастырылады.

Загрузка...

Басты тақырып