Қоғам

Қазақстанда ана капиталы енгізіле ме – еңбек министрлігі жауап берді

© Sputnik / Солтан Жексенбеков Мать с ребенком
Мать с ребенком - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ана капиталы уақытша шара болып табылады

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ана капиталын қандай жағдайда енгізуге болатынын түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік көмек саясатын дамыту департаментінің директоры Асқар Ниязовтың айтуынша, қоғамда ана капиталын енгізу мәселесі жиі көтеріліп тұрады. Осыған байланысты министрлік әлемдік тәжірибені зерделеп шықты.   

"Халықаралық тәжірибеге сәйкес, ана капиталы уақытша шара болып табылады және халықтың табиғи кему процесін еңсеру үшін тууды ынталандыру мақсатында жүзеге асырылады. Ана капиталы бір рет немесе екі рет сертификат түрінде белгілі бір мақсаттарға беріледі. Мысалы, тұрғын үй жағдайын жақсартуға, балаларды тәрбиелеуге, мүгедектігі бар баланы қоғамға бейімдеуге немесе ана зейнетақысын жинақтауға болады", - деді Ниязов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Ана капиталын пайдалануға қатысты нақты талаптар да бар. Мысалы, тұрғын үй сатып алу үшін ипотеканы рәсімдеу кезінде ана капиталының ақшасы бастапқы жарна ретінде салынса, төлем қабілеттілігін міндетті түрде растау қажет. Ал балалардың оқуына жұмсау үшін олардың мектеп бітіргенін күту керек.

Оқи отырыңыз: Сарапшы ана капиталы жайлы: 42 мыңды әрең берген үкіметтің мұны қабылдауы екіталай

Министрлік таратқан мәліметке сәйкес, еліміздегі ана мен баланы қолдаудың қолданыстағы жүйесі жәрдемақыны тұрақты әрі уақтында төлеп тұруға мүмкіндік беріп отыр.

"Сонымен қатар, бүгінгі таңда бала тууды арттыру мәселесі Қазақстанда проблемалық аспект болып табылмайды, өйткені 2020 жылы бала туу коэффициенті 3,13-ке жетті, ал халықтың өзін-өзі өсіруі үшін жеткілікті деңгей 2,1 болып табылады", – делінген ресми хабарламада.

Жаңалықтар
0