03:42 18 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
2005 0 0

Дәрігердің айтуынша ыстық уақытта коронавирусты жұқтыру қаупі жоғарылайды

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Мәскеудің денсаулық сақтау департаментінің ересек адамдарға алғашқы медициналық көмек жөніндегі штаттан тыс маманы Андрей Тяжельников аптап ыстықты вакцина салдыру мәселесін түсіндірді, деп хабарлады РИА Новости

"Шілденің аптабында вакциналауға кедергі бола алмайды, керісінше, ыстықта қауіпті аурулар асқынуы мүмкін. Ал екпе ондай қауіп-қатерді төмендетеді. Сондықтан вакцина жасасаңыз, өзіңізді ғана емес, жақындарыңызды да қауіпті вирусты жұқтырудан, сондай-ақ, оның ауыр салдарынан қорғай аласыз", - дейді Тяжельников.

Дәрігердің айтуынша, аптап кезінде коронавирусты жұқтыру қаупі де жоғарылайды. Ыстықтан науқас ауыр жағдайға түсуі де әбден мүмкін.

"Иә, ыстықта ауырып қалу қаупі жоғары. Себебі адам салқын жер, салқын сусын іздейді. Ал ауырып қалғанда жағдайда иммунитеттің қорғанысы төмендейді. Демек, адам ағзасына сан алуан бактериялар мен вирустар кіріп кетуі әбден мүмкін. Сондай-ақ, аптап ыстық коронавирустың ауыр формасына себеп болып жатады", - деп атап көрсетті Тяжельников.

Оқи отырыңыз: Коронавирус жұқтырмау үшін антидене көлемі қандай болуы керек – дәрігер жауабы

Айта кетейік, Қазақстанда шілденің аптап ыстық күндері басталды. Бүгінде кейбір аймақтарда ауа температурасы 42-45 градусқа дейін көтеріліп отыр. 9 шілде күнгі болжамға сәйкес, Түркістан облысында +45 градус, Алматы облысында +42, Жамбыл облысында темометр бағанасы +43 градусқа дейін күн ысиды. Сондай-ақ, Қостанай, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады.

Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус, ауа райы
Загрузка...

Басты тақырып