Қоғам

Мектепте оқу кестесіне өзгерту енгізуге қатысты ұсыныс жасалды

© Sputnik / Владислав ВодневПоследний звонок 2021
Последний звонок 2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
Мемлекет басшысы жаңа оқу жылында мектептер дәстүрлі форматта білім беру қажеттігін айтқан болатын. Осыған байланысты тиісті дайындық жұмысын атқаруға тапсырма берді

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Nur Otan партиясы жанындағы білім мен ғылымды дамыту жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесте жаңа оқу жылын ұйымдастыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан партияның ресми сайтына сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа оқу жылында мектептер дәстүрлі форматта білім беру қажеттігін айтқан болатын. Осыған байланысты тиісті дайындық жұмысын атқаруға тапсырма берді.

Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Ерлан Қиясовтың айтуынша, педагогтар мен қызметкерлер толығымен вакциналау өткеннен кейін ғана мектептер дәстүрлі оқыту форматына көше алады. Бұдан бөлек, барлық санитарлық талаптар сақталуы шарт.

"Мектептегі сақтық шараларын қамтамасыз ету мақсатында бұқаралық іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Сыныптарды бөлу және әр сынып үшін үзіліс уақытын белгілеу, асханада тамақтану барысына бақылауды күшейту жұмысы жүргізілді. Жоғары оқу орындарына келсек, 18 жастан асқан студенттер де вакциналануы немесе қашықтан оқытуға ауыстырылуы тиіс", – деді Қиясов қоғамдық кеңестің отырысында.

Ал кеңестің тағы бір мүшесі, "Республикалық физика-математика мектебі" КЕАҚ басқарма төрағасы Ғабит Бекахметов оқушыларды бастауыш, орта және жоғары мектеп блоктарына бөлуді ұсынды. Коронавирус анықталған жағдайда бүкіл мектепті емес, нақты блокты карантинге жабуға болады.

"Білім беру мекемелерінің басшыларына нақты ұсыныстар беру қажет. Оқушылардың үзіліске шығатын уақыты ғана емес, әр блокта сабақ басталатын және аяқталатын уақыт та әртүрлі болғаны жөн", – дейді Бекахметов.

Алматы мемлекеттік энергетика және электрондық технологиялар колледжінің директоры Төлеуғали Тайтөлеев қоғамдық көліктерде бақылауды күшейту қажет деп санайды. Себебі оқушылар мен педагогтар қоғамдық көлікпен жиі жүреді. Ол жерде вирусты жұқтыру қаупі жоғары.

Ал білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 қыркүйектен бастап 7 475 мектепті ашу жоспарланып отырғанын жеткізді.

Жаңалықтар
0