Қоғам

Әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы іске қосылды

© Photo : Госкорпорация "Правительство для граждан"Сотрудницы Колл-центра госкорпорации "Правительство для граждан"
Сотрудницы Колл-центра госкорпорации Правительство для граждан - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
Бүгінгі таңда орталықта 3 аналитик және 5 оператор жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде - Sputnik. Қазақстанда әлеуметтік қызметтер порталын қолдау бойынша байланыс орталығы  жұмыс істей бастады, деп хабарлады еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.

Ол үшін қазақ немесе орыс тілін таңдап, 4 санын баса отырып, бірыңғай 1414 нөмірі арқылы кіруге болады.

Орталық операторлары портал пайдаланушылары – мүгедектігі бар адамдар және әлеуметтік қызметтерді жеткізушілер үшін ақпараттық-консультациялық қызметтерді мемлекеттік және орыс тілдерінде ұсынады.

Атап айтқанда, портал жұмысы бойынша кеңес алуға, техникалық мәселелер бойынша сұранымды шешуге, портал функцияларын жетілдіру бойынша кері байланыс алуға болады.

Оқи отырыңыз: Зейнетақы мен жәрдемақы бойынша қоңырау қабылдайтын колл-орталықтың нөмірі өзгерді

Бүгінгі таңда орталықта 3 аналитик және 5 оператор жұмыс істейді, тағы 3-еуі оқудан өтуде.

Байланыс орталығының жұмыс тәртібі: жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліссіз.

Сондай-ақ, Facebook әлеуметтік желісінде, Telegram мессенджерлерінде және WhatsАpp пайдаланушыларына кеңес беру үшін чат-ботты іске қосу жоспарланып отыр.

Сонымен қатар автоматтандырылған дауыстық роботты енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл консультациялар қолжетімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етуге, жауап берілмей қалған қоңыраулар санын азайтуға және сұрау шешілгенге дейін күту уақытын азайтуға мүмкіндік береді.

Естеріңізге сала кетейік, әлеуметтік қызметтер порталы мүгедектігі бар адамдарға тікелей жеткізушілерден оңалту құралдары мен қызметтерін өз бетінше сатып алу мүмкіндігін беру үшін 2020 жылы іске қосылды.

Ағымдағы жылдың басынан бастап 113 мыңнан астам мүгедектігі бар адам портал арқылы оңалтудың техникалық құралдарын, ымдау тілінің 6 мыңнан астам қызметін, жеке көмекшінің 31 мыңнан астам қызметін, 36 мыңға жуық санаторлық-курорттық емдеу қызметін алды және 122 мыңнан астам адам кепілдік берілген әлеуметтік топтамаларға тапсырыс жасады.

Жаңалықтар
0