Қоғам

Вакцинадан кейін миллион ұтып алған әйел ақшаны қайда жұмсайтынын айтты

© Sputnik / Абзал КалиевДеньги в руках
Деньги в руках - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.07.2021
Жазылу
Жеңімпаз әйел ақшаны балалардың тәрбиесіне, ал бір бөлігін колледждегі оқуға жұмсайтынын мәлімдеді

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. АҚШ-тағы Колорадо штатының тұрғыны коронавирусқа қарсы вакцина салдырғандар арасында ойнатылған бір миллион долларды ұтып алды. Әйелдің төрт баласы бар, деп хабарлайды The Colorado Sun.

Лотерея кезінде бес жеңімпаз анықталған. Әрбіреуіне апта сайын бір миллион доллардан табысталыпты. Ал көпбалалы ана бесінші айналым кезінде ірі көлемдегі ақшалай сыйлық ұтып алды.

"Бұл ақша төрт баламды тәрбиелеуге аса қажет болады. Кеше қызыма бір миллион доллар ұтқанымызды айтқанда ол қуанғанынан: "Алақай, колледжімнің ақшасын төлейтін болдық", - деп айқай салды", - дейді жеңімпаз Хайди Рассел.

Бұдан бөлек, вакцина салдырғандардың арасында өткен ұтыс кезінде 50 мың доллардың стипендиясы ойнатылды. Оны 12-17 жас аралығындағы 25 адам жеңіп алды. Олар ақшалай сыйлықтарын өз қалауы бойынша жұмсай алады. Тіпті Колорадо штатынан тыс жердегі оқу орнына түсуге болады.

Колорадо штатының губернаторы Джаред Полистің айтуынша, ұтыстың арқасында біраз адамға вакцина салынды. Олар лотерея болмаса, екпе салдыруға келмейтін еді. Ресми мәліметке сәйкес, 25 мамыр мен 6 шілде аралығында коронавирусқа қарсы вакцинаның 600 мың дозасы таратылған болатын.

Айта кеткен жөн, мамыр айында Огайо штатында тура сондай ұтыс жарияланған болатын. Бес адамға бір миллион доллардан табысталады деген жоспар бар.

Жаңалықтар
0