Қоғам

Дариға Назарбаева "TikTok-қа" түсті

© Photo : Фонд Нурсултана НазарбаеваДарига Назарбаева
Дарига Назарбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.07.2021
Жазылу
Ол "Елбасы медалі" жобасының он жеңімпазымен кездесіп, өмірлік ақыл-кеңесін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 8 шілде — Sputnik. Танымал блогерлермен өткен кездесуде Дариға Нұрсұлтанқызы осылай жаңа қырынан танылды, деп хабарлайды "КТК" телеарнасы.

Нұрсұлтан Назарбаев қорының директоры "Елбасы медалі" жобасының он жеңімпазымен кездесіп, өмірлік ақыл-кеңесін айтты.

Жастар елордаға қала күні мерекесіне орай келген. Бас қаланың кереметтерін тамашалап шыққаннан кейін Дариға Назарбаевамен кездесуге мүмкіндік алып, әрқайсы жеке сұрақ қойып, әңгіме-дүкен құрды.

Оқи отырыңыз: Дариға Назарбаева панасыз қалған ит-мысықтарды көріп қайтты

Жайлы отырыста Абайдың керемет әні  "Көзімнің қарасы" да шырқалды. Кедесуде Елбасы жайлы жазылған жаңа кітаптың тұсаукесері де өтті.

Оны Украинаның бұрынғы президенті Леонид Кучманың жетекшілігімен украин авторлары жазған. Бірнеше данасын Нұрсұлтан Назарбаев қорына сыйға да тартқан.

"Биікті бағындыруға болады. Бірақ оны ұстап тұру қиын. Ол үшін бұрынғыдан екі-үш есе қажыр-қайрат керек. Сондықтан ылғи өз-өзіңмен жұмыс істеп отыру керек. Осы орайда "Еліміздің болашағы сендердің қолдарыңда" дегенді Елбасы әрдайым айтып отыр, ол нені меңзейді? Ел одан сайын құлпыра түсе ме? Халық бұдан да жақсы өмір сүре ме? Бай бола ма, әлде кедей бола ма? Ол сіздерге байланысты. Сондықтан биікте бола беріңіздер", - деді Дариға Назарбаева.

Медаль иегерлері мен блогерлер де Елбасына тілегін білдіруді ұмытқан жоқ. «Елбасы медалі» жобасына небәрі бір жыл ғана толса да, оған 14-21 жас аралығындағы 21 мыңнан астам қазақстандық қатысқан. Жетекшілерінің қолдауымен олар жеті бірдей бағытта сайысқа түсті. Арасында зияткер, шығармашыл, тіпті спорт тартыстары да бар.

Жаңалықтар
0