Қоғам

Imanbek Роза Рымбаеваның сынына жауап берді

© Sputnik / Абзал Калиев DJ Иманбек
 DJ Иманбек - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.07.2021
Жазылу
Халық әртісі Роза Рымбаева Grammy сыйлығын иеленген қазақстандық диджей "қажет уақытта қажет жерде болғанын" айтты

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Белгілі қазақстандық диджей Иманбек (Imanbek) танымал әнші Роза Рымбаеваның сынына жауап берді.

Бұған дейін Рымбаева Иманбектің "жай ғана жолы болғанын" мәлімдеді.

"Ол кәсіби музыкант емес. Оның жай ғана жолы болды. Ырғағын, стилистикасын өзгертті, мұның бәрі компьютерде жасалады. Оны автор, орындаушы немесе автор-аранжировщик ретінде емес, remix ретінде бағалады. Ол тек жылдамдығын күшейтті, сөйтіп ырғағы өзгерді", - деді халық әртісі.

Әлеуметтік желідегі тікелей эфир кезінде Иманбектен Рымбаеваның сөздері туралы не ойлайтынын сұрады.

"Мен оған ересек адам ретінде қараймын. Олар аға буын, мен ешқашан оларды сынамаймын. Дауласпаймын да, бұл оның пікірі, мен тыңдадым, түсіндім", - деп жауап берді диджей.

Иманбек Зейкенов (Imanbek) – Grammy музыкалық сыйлығын иеленген алғашқы қазақстандық. Диджей сыйлықты танымал "Roses" әнінің ремиксі үшін алды.

Жаңалықтар
0