Қоғам

Елбасы елорда халқын шектеуге қатысты пікір білдірді

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди гуляют по Водно-Зеленому бульвару в Нур-Султане
Люди гуляют по Водно-Зеленому бульвару в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2021
Жазылу
Назарбаевтың пікірінше, қалада халық көп болғаны жақсы. Көпшілік болған жерде сауда жұмыс істейді, мәдениет орындарына баратын адамдар болады, туристер көбейеді

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. 2030 жылға қарай астананың халқы 2 милион адамнан асады. Бұл туралы Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Nur-Sultan. Қолтаңба" деректі фильмінде айтты,  деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бәріміз астананы 500-600 мың адам тұратын әкімшілік қала болады деп ойладық. Бірақ біздің айтқанымыз келмеді. Қазір қала халқы 1 миллион 200 мың адамды құрайды. 2030 жылға қарай 2 милионнан асады. Қаланың өз өмірі бар. Оны ешкім тоқтата алмайды", - деді Назарбаев.

Осы орайда жүргізуші тұрғындардың санын шектеу мәселесі жайында сұрады. Елбасының айтуынша, қалада халықтың көп болғаны экономикалық тұрғыдан пайдалы.   

Оқи отырыңыз: Назарбаев үлкен тәуекелге барған кезде қандай түс көргенін айтты 

"Мысалы, Мексиканың астанасында халықтың саны 20 миллионнан асып кетті. Қанша шектейміз деп шара қолданса да, болмады. Әрине біраз шектеуге болатын еді. Бірақ қала болғаннан кейін көпшілік болған жақсы. Көпшілік болған кезде сауда жұмыс істейді. Мәдениет орындарына баратын адамдар болады. Туристер көбейеді, жұмысшылар көбейеді, балалар көбейеді", - деді Назарбаев "Nur-Sultan. Қолтаңба" деректі фильмінде.

Қазақстанның тұңғыш президенті тар көшелердің мәселесіне де тоқталды. Оның айтуынша, тар көше ескі қалаға тән мәселе. Ал басқа жерде кең жолдар ғана салынады. Себебі автокөлік саны да жыл сайын артып келеді.

Жаңалықтар
0