Қоғам

Назарбаев үлкен тәуекелге барған кезде қандай түс көргенін айтты

© Sputnik / Mikhail Voskresenskiy / Медиабанкке өтуНурсултан Назарбаев на праздничном концерте в Астане в честь его победы на президентских выборах, 2015 год
Нурсултан Назарбаев на праздничном концерте в Астане в честь его победы на президентских выборах, 2015 год - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2021
Жазылу
Бір күні түсімде анам марқұм екі жолбарысты жетектеп, үйге кіріп келді. Жаңағы жолбарыс басын көтеріп, "Барлығы дұрыс болады, қорықпа" деп сөйлеп кетті, дейді Назарбаев

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел астанасын ауыстыруға шешім қабылдаған кезде қандай түс көргенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Елбасына орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты 

"Көбісі түсінбеді, қолдағандар аз болды. Оны да түсінуге болады. Ол кезде Кеңес одағы құлап, біз жеке өз жолымызбен кеттік. Зейнетақы төлеуге қаржы жоқ. Мұғалімдер мен дәрігерлерге жалақы төлеу қиын болып тұрғанда астананы ауыстыру туралы шешім қабылданып отыр. Бір күні Сара Алпысқызы: "Елдің бәрі қарсы болып жатқанда бұны қалай жасамақсың?" деп сұрады. Мен сені ауылыңа апара жатырмын ғой, Нұраның жағасына дедім (күлді)", - деді Назарбаев "Nur-Sultan. Қолтаңба" деректі фильмінде.

Осы орайда Қазақстанның тұңғыш президенті астананы ауыстырғанда ең үлкен тәуекелге барғанын атап өтті.

"Осы уақытқа дейін талай тәуекелге бардым ғой. Сол тәуекелдердің ең үлкені –  астана. Бірақ бәрі орындалды. Интуиция деген бар ғой. Мен өзім соған сенемін. Алладан тілеп жатасың ғой. Сол кезде ойыңа бір сыбыр келеді", - деп атап өтті Назарбаев.

Елбасы астананы ауыстыруға шешім қабылдағанда көрген түсін де еске алды.

"Мен - Қарасай батырдың тоғызыншы ұрпағымын. Біздің жанымызда Қарасайдан қалған қызыл жолбарыс жүреді дейді. Бір күні түсімде анам марқұм екі жолбарысты жетектеп, үйге кіріп келді. Жаңағы жатқан жолбарыс басын көтеріп, "Барлығы дұрыс болады, қорықпа" деп қазақша сөйлеп кетті", - дейді Назарбаев.

Дәл осы түс Назарбаевқа күш берген. Оны көргеннен кейін астананы ауыстыруға бел буыпты.

Жаңалықтар
0