Қоғам

Голливуд режиссері Назарбаев туралы фильмнің трейлерін жариялады

© Photo : Скриншот из фильма "QAZAQ History Of The Golden Man"Фильм трейлерінен алынған
Фильм трейлерінен алынған - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.07.2021
Жазылу
Оливер Стоун Нұр-Сұлтанға Қазақстан туралы сегіз сағаттық фильмнің премьерасына келе жатқанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 5 шілде – Sputnik. Голливуд режиссері Оливер Стоун әлеуметтік желіде "QAZAQ History Of The Golden Man" ("QAZAQ: история золотого человека) деректі фильмінің трейлерін бөлісті.

Фильмнің ұзақтығы – 8 сағат, оны режиссер Игорь Лопатёнок түсірді. Фильм Қазақстан мен Нұрсұлтан Назарбаев жайлы.

"Ол жайлы не айтсаңыз да өз еркіңіз, алайда фильмнен Кеңес империясының күйреуі мен елдің тәуелсіздік алуы, ядролық қарудан бас тарту жайлы пайымдайтын қарапайым адамды көресіз. Назарбаев Қазақстанның көшпелі тарихы мен Еуразияның технологиялық келешегі туралы әңгімелейді. Меніңше, бұл жарқын болашақ", - деп жазды Оливер Стоун өз парақшасында.

Фильм трейлерінде Қазақстанның тұңғыш президентімен сұхбаттан үзінді көрсетілген. Онда Назарбаев президенттікке қалай келгенін, Горбачев, Ельцин және Кеңес одағының ыдырауы туралы айтады.

Бұған қоса, Стоун Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаевадан да сұхбат алған. Ол қиындыққа толы болған 90-шы жылдарды еске алды.

Назарбаев Оливер Стоун жайлы: "Мен құрметтейтін америкалық"

Стоун – америкалық кинорежиссер, үш "Оскар", бес "Алтын глобус " иегері.

2017 жылы Стоун Ресей президенті Владимир Путинмен де сұхбаттасты.

Жаңалықтар
0