Қоғам

Назарбаев: "Домбыра – қазақтың паспорты мен бренді"

© Photo : otyrar.kzДомбыра
Домбыра - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.07.2021
Жазылу
Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды

НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде — Sputnik. Ұлттық домбыра күні 2018 жылдың 13 маусымында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен бекітілді.

Қазақстанда ең көне музыкалық аспап мерекесі шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Бұл күн қазақстандық қоғамды ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтау мен қайта жаңғырту идеясының төңірегінде одан әрі топтастыру мақсатында құрылған.

Домбыра күні қарсаңында Елбасы кітапханасы қазақтың домбырашылары мен күйшілеріне арналған бейнеролик дайындады.

"Домбыра қазақ үшін жай ғана музыкалық аспап емес, одан əлдеқайда биік тұрған киелі құндылық. Халқымыз домбыраға үкі тағып, төріне ілген, күйшілерді төредей күтіп, төбесіне көтерген. ЮНЕСКО шешімімен домбыра мен күй адамзаттың материалдық емес мәдени мұраларының тізіміне енді. Елімізде қасиетті қара домбырға деген құрмет ешқашан төмендеген емес", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ұлттық домбыра күні алғаш рет Қазақстанда 2018 жылдың шілдесінде тойланды. Тиісті жарлыққа елдің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған болатын. Содан бері шілденің алғашқы жексенбісінде мейрам құрметіне концерттер мен мерекелік шаралар өтеді.

Оқи отырыңыз: Ұлттық домбыра күні: қандай іс-шаралар өтеді

Биыл коронавирус пандемиясына байланысты олар онлайн форматқа ауыстырылды.

Жаңалықтар
0