НҰР-СҰЛТАН, 4 шілде — Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты.
Өткен тәулікте 26 қазақстандық коронавирустан, COVID-19 белгілері бар пневмониядан 5 адам қайтыс болды.
4 шілдедегі мәлімет бойынша 29 961 адам коронавирус инфекциясынан (28 614 КВИ+ және 1 347 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 9 082 пациент стационарда, 20 879 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 578 адамның жағдайы ауыр,
- 118 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 72 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда тағы бір облыс коронавирустың "қызыл" аймағына енді