Қоғам

Түркістанда Назарбаевтың тағы бір ескерткіші бой көтерді

© Photo : пресс-служба акима Туркестанской областиПамятник Нурсултану Назарбаеву в Туркестане
Памятник Нурсултану Назарбаеву в Туркестане - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Ескерткіш Назарбаевтың егіс алқабында түскен фотосуретіне қарап жасалған

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Түркістанда ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа ескерткіш ашылды, деп хабарлайды Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еңселі ескерткіштің биіктігі – 4 метр, тұтастай қоладан құйылған мүсіннің авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, суретшілер одағының мүшесі Тілеуберді Бинаш.

"Ескерткіш Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың егіс алқабында түскен фотосуретіне қарап жасалған. Түркістандағы жаңа әкімшілік-іскерлік орталығында орнатылған мүсіннің композициясында "Ұлы Даланың Ұлы" атты Елбасы ескерткішінде қарт Қаратаудың сұлбасы бейнеленген. Автор Елбасының Қаратау жазығында шексіз далаға байыппен қараған сәтін суреттеген", - делінген хабарламада.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа ескерткіш қою туралы бастаманы кәсіпкер Болатбек Алиев көтерген.

© Photo : пресс-служба акима Туркестанской областиТүркістанда Назарбаевтың тағы бір ескерткіші бой көтерді
Түркістанда Назарбаевтың тағы бір ескерткіші бой көтерді - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Түркістанда Назарбаевтың тағы бір ескерткіші бой көтерді

Бұдан бөлек, Түркістан қаласының әкімдігі тарапынан аталған бастамаға қатысты жергілікті тұрғындар арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнамаға 1000 респондент қатысып, олардың 93% бастаманы қолдайтындарын білдірген болса, респонденттердің 4,5% қарсы, 2,5% бейтарап позицияны ұстанған.

Демеушінің қаржысына орнатылған еңселі ескерткіштің салтанатты ашылуына Қазақстан халық әртісі, мемлекет және қоғам қайраткері Асанәлі Әшімов, "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев, Қазақстан ұлттық ғылым академиясының президенті, академик,  химия ғылымдарының докторы, профессор Мұрат Жұрынов, Қазақстан Республикасы мемлекеттік елтаңбасының авторы Жандарбек Мәлібеков, жазушы, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Мархабат Байғұт, Қаламгер, халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Көпен Әмірбек, Қазақстан Республикасының парламенті мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай, Түркістан облысы "Ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов қатысты.

© Photo : пресс-служба акима Туркестанской областиТүркістанда Назарбаевтың тағы бір ескерткіші бой көтерді
Түркістанда Назарбаевтың тағы бір ескерткіші бой көтерді - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Түркістанда Назарбаевтың тағы бір ескерткіші бой көтерді

Шарада сөз алған "Ардагерлер ұйымы" республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев осындай елеулі сәттің куәсі болғанына қуанышты екенін жеткізді.

Оқи отырыңыз: Тоқаев Елбасына орнатылған ескерткіштің ашылу рәсіміне қатысты

 "Түркістан өңірінің халқының өтінішімен, кәсіпкерлердің бастамасымен көне шаһарға жаңа леп әкелген, түркі интеграциясының іске асыру идеясына мұрындық болған, Түркістанға тарихи мәртебесін қайтарған Елбасының ерен еңбегін жоғары бағалай отырып, облыс орталығы Түркістанда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ескерткіші ашылды. Бұл – тәуелсіз елдің шекарасын шегендеп, Қазақ елінде тыныштық пен берекені негіз еткен Елбасына алғыс ретінде және түркі елдерінің басын қосуға мүдделі болған түркі әлемінің дана ақсақалына деген ерекше құрмет", – деді қоғам қайраткері.

Жаңалықтар
0