Қоғам

Зейнетақы мен жәрдемақы бойынша қоңырау қабылдайтын колл-орталықтың нөмірі өзгерді

© Photo : Госкорпорация "Правительство для граждан"Колл-орталық қызметкерлері
Колл-орталық қызметкерлері - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Енді қазақстандықтар 1411 нөмірінің орнына 1414 бірыңғай нөміріне қоңырау шалып, кеңес ала алады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Қазақстандықтар әлеуметтік-еңбек саласындағы мәселелер бойынша 1414 бірыңғай байланыс орталығына хабарласа алады.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің ақпаратынша, бұған дейін клиенттер зейнетақы мен жәрдемақыны, атаулы әлеуметтік көмекті рәсімдеу, әлеуметтік қызметтер порталының жұмысы, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша 1411 қысқа нөміріне қоңырау шалатын. Енді ол нөмір  1414-ке ауыстырылды. Бірыңғай байланыс орталығына хабарласқаннан кейін, қосымша 5 нөмірін басу қажет.

"1414 техникалық платформасына көшу қабылданбай қалатын қоңыраулардың үлесін азайтуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар біз мұнымен 1411 желісін қамтамасыз етуге жұмсалған шығындарды оңтайландырамыз. Қазір біз дыбыстық қоңырауларды ғана емес, мәтіндік хабарламаларды да қабылдауға болатын омниканалды жүйені қолданамыз. 1411 нөмірі енді істемейді", - деді "Азаматтарға арналған үкімет" басқарма төрағасының бірінші орынбасары Сүйеніш Әбділдин.

Тағы оқыңыз: Халыққа қызмет көрсету орталығы алаяқтар пайда болғанын мәлімдеді

Сондай-ақ қазақстандықтар @kenes1414bot телеграм ботында "Зейнетақымен қамсыздандыру" бөлімінде әлеуметтік-еңбек саласы мәселелері бойынша операторға хабарлама жіберіп, сол жерден жауап ала алады.

1414 бірыңғай байланыс орталығы дүйсенбі-жұма аралығында сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін және сенбі (жексенбі – демалыс) сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін істейді, қоңырау шалу – тегін.

Жаңалықтар
0