Қоғам

ҰБТ тапсырғандардың нәтижесі жойылуы мүмкін - тексеріс жүріп жатыр

© Sputnik / Болат ШайхиновҰБТ-ның бірінші күні қорытындыланды
ҰБТ-ның бірінші күні қорытындыланды  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
ҰБТ процесі орталықтандырылған ахуалдық орталық арқылы бақыланды. Сондай-ақ, әр ҰБТ өткізу пунктінен онлайн көрсетілім ұйымдастырылды

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. 2021 жылдағы ұлттық бірыңғай тестілеудің соңғы қорытындысы 25 тамызға дейін шығарылады. Бұл туралы білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Соңғы нәтижелер тамыз айында дайын болады. Қолданыстағы ережелерге сәйкес барлық бейнежазба 25 тамызға дейін талданады. Егер талапкердің емтихан тапсыру кезінде тыйым салынған заттарды пайдаланғаны анықталса, ҰБТ нәтижесі жойылады", - деді Тойбаев баспасөз мәслихатында.

Ол ҰБТ процесі орталықтандырылған ахуалдық орталық арқылы бақыланатынын атап өтті. Сондай-ақ әр ҰБТ өткізу пунктінен онлайн көрсетілім ұйымдастырылды.

Тойбаев биыл ҰБТ штаттық режимде және қандай да бір форс-мажорсыз өткенін айтты.

Айта кетсек, биыл Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет "1 компьютер - 1 камера - 1 тестіленуші" қағидаты бойынша 51 пунктте электронды форматта өтті. Биылғы ҰБТ-ның маңызды артықшылықтарының бірі – талапкерге тесті екі рет тапсыруға мүмкіндік берілді.

Жаңалықтар
0