Қоғам

Алғаш рет екі адам ұстайды: Тоқаев Токиоға баратын спортшыларға туды тапсырды

© Официальный сайт Президента Казахстана / AMANТокаев встретился с олимпийской командой Казахстана
Токаев встретился с олимпийской командой Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Жазылу
Токиода өтетін ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындары қарсаңында президенттің ұлттық құрама мүшелерімен дәстүрлі кездесуі болды

НҰР-СҰЛТАН, 2 шілде – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токиоға ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына баратын спортшылармен кездесті. Карантин шараларына байланысты барлығы Ақордаға келе алмады. Көбісі Алматыдағы "Ақбұлақ" олимпиадалық орталығынан бейнебайланыс арқылы қосылды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты. 

© Официальный сайт Президента КазахстанаМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токиоға ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына баратын спортшылармен кездесті
Алғаш рет екі адам ұстайды: Тоқаев Токиоға баратын спортшыларға туды тапсырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Токиоға ХХХІІ жазғы Олимпиада ойындарына баратын спортшылармен кездесті

Президент аса күрделі кезеңде Токиода жағылатын Олимпиада алауы бүкіл адамзат үшін жаһандық індетпен күрестің символы болатынын айтты. Ал спортшылар сан алуан шектеу шараларына қарамастан, лицензия үшін күресіп, басты додаға жолдама алды. 

"Сіздер халықаралық деңгейдегі өздеріңіздің көшбасшылық орындарыңызды нығайту үшін нағыз чемпионға тән мінез көрсетіп, Олимпиада лицензиясын иелендіңіздер. Осындай қиын-қыстау жағдайда сіздер спорттың өзін-өзі шектейтін қатаң режимін сақтап, өзгелерге үлгі көрсеттіңіздер", – деді Тоқаев. 

Осы орайда мемлекет басшысы Олимпиада шыңы мыңдаған жасты спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға және көздеген мақсаттарына жетуге шабыт беретінін жеткізді. Ал Токиоға аттанатын спортшыларымыз рекордтық нәтиже көрсетіп, Қазақстанның әлемдегі жетекші спорт державаларының арасындағы беделін нығайтады деген сенім мол. Президент атлеттердің әрбір жеңісінен кейін назардан да, камерадан да тыс қалатын жаттықтырушылардың қажырлы еңбегін ерекше атап өтті.

Осыдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алғаш рет екі бірдей ту ұстаушыға – жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа табыстады. Екеуі де Олимпиадада Туды ұстап шығады.

© Официальный сайт Президента Казахстана / AMANҚасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алғаш рет екі бірдей ту ұстаушыға – жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа табыстады
Алғаш рет екі адам ұстайды: Тоқаев Токиоға баратын спортшыларға туды тапсырды - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.07.2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын алғаш рет екі бірдей ту ұстаушыға – жеңіл атлетикадан Олимпиада чемпионы Ольга Рыпакова мен бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері Қамшыбек Қоңқабаевқа табыстады

Биыл Халықаралық Олимпиада комитеті гендерлік теңдікке қатысты екі маңызды шешім шығарған болатын. Біріншіден, әрбір құрамада, кем дегенде, бір спортшы әйел болуы шарт. Екіншіден, спортшы әйел де туды алып шыға алады. Осыған байланысты ұйым барлық ұлттық Олимпиада комитеттеріне хат жолдап, осы мәселені ескеруге кеңес берген.

Оқи отырыңыз: Токио Олимпиадасы: ұлттық құраманың формасы таныстырылды

"Біз халқымыздың риясыз махаббатын сезінеміз және өзімізге жүктелген жауапкершілікті түсінеміз. Сондықтан Отанымыздың абыройын арттыру үшін бар күшімізді салып, шеберлігімізді паш етеміз", – деді Ольга Рыпакова.

Ал Қамшыбек Қоңқабаев  қазақстандықтардың сенімін ақтау үшін құрама команда барын салатынын жеткізді.   

"Сіздің қолыңыздан еліміздің Туын алу – үлкен абырой, зор жауапкершілік. Олимпиадаға қатысушы спортшылар қастерлі санайтын осы Тудың Токио төрінде жиі көтеріліп, Әнұранымыздың шырқалуы үшін барымызды саламыз", - деді капитан.

Айта кетейік, 23 шілде күні Олимпиада ойындары салтанаты түрде ашылады.  Қазақстан құрамасы жолға шыққанға дейін жаттығу базаларында, кем дегенде, екі апта карантинде болады. Ал 16 шілдеде Жапонияға аттанады. Қауіпсіздік пен денсаулықты қорғауды қамтамасыз ету мақсатында оларды "Air Astana" әуекомпаниясының чартерлік рейстерімен апарады.

Жаңалықтар
0