Қоғам

"Онда Орынборды беріңіз": Назарбаев Ельцинге айтқан сөзін еске алды

© Sputnik / Ю. Иванов / Медиабанкке өтуБ.Ельцин и Н.Назарбаев на пресс-конференции после подписания декларации об образовании СНГ
Б.Ельцин и Н.Назарбаев на пресс-конференции после подписания декларации об образовании СНГ - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
Елбасы ресейлік депутаттардың даулы мәлімдемелеріне қатысты өз ойын да айтты

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде - Sputnik.  Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің бұрынғы президенті Борис Ельциннен Орынбор облысын не үшін сұрағанын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Штрихи к портрету" деректі фильмінің кезекті сериясында Назарбаев Ельциннің Теңіз кен орнын сұрағанын еске алды. Сол кезде ол Орынбор облысын беруді талап еткен.

"Ол қалжың болған. Әрине, арғы жағында ресейлік мұнайшылар, соның ішінде марқұм Черномырдиннің ниеті тұрды. Себебі өзі сол кен орындардың ашылуына тікелей қатысқан. Ондай ірі кен орнын бергісі келмеді. Содан бізді қиналып тұрғаннан кейін бере салады деп ойлаған. Сөйтіп, біз ойынға қалжыңмен жауап бердік. Одан кейін бұл мәселе ешқашан көтерілген жоқ", - дейді Назарбаев.

Осы орайда Елбасы ресейлік депутаттардың даулы мәлімдемелеріне қатысты өз ойын да айтты.

"Ресейдің сыртқы істер министрі Лавров осы мәселенің нүктесін қойды. Қазақстанға қатысты ешқандай территориялық талаптар жоқ деп айтқан болатын. Ал басқалар айта береді. Саясаткерлер де сөйлейді. Бұның бәрі шығыс Украина, Крым аясында көтеріліп отыр. Біреуден алдық, біреуге бердік. Сыйға тарттық деген сияқты. Содан шығып отыр. Біз Алтын Орданың мұрагері болсақ, Мәскеу княздігі оларға салық төлеген. Енді, 800 жылдық тарихты еске алуымыз керек пе? Сондықтан ондай сөздерге мән бермеу керек", - деп атап көрсетті Назарбаев.

Оқи отырыңыз: Назарбаев шетелде жүрген оппозицияны "қорқақтар" деп атады

Қазақстанның тұңғыш президенті сыртқы күштердің бар екенін де жоққа шығармады.

Жаңалықтар
0