Қоғам

Қазақстандық университеттер екпе салдырғандарға не сыйлайды

© Photo : pixabay/SoledadsnpПодарки
Подарки - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
Бүгінде вакцинациялау шараларын күшейту бастамасына он жоғары оқу орны қосылды. Әрбіреуі коронавирусқа қарсы екпе салдырған оқытушылар мен студенттерге жеңілдік жасайды

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Білім және ғылым министрлігі екпе салдырғандарға қандай сыйлық жасалатынын нақтылап, әрбір университет акциясын жеке-жеке жариялады.

Айта кеткен жөн, бүгінде вакцинациялау шараларын күшейту бастамасына 10 жоғары оқу орны қосылды. Әрбіреуі коронавирусқа қарсы екпе салдырған оқытушылар мен студенттер арасында сан алуан акциялар өткізеді, жеңілдіктер жасайды. Атап айтқанда, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті:

  • 3 ай көлемінде студенттер үйінде тұруға жеңілдік;
  • оқытушылар, қызметкерлер мен студенттер үшін Ыстықкөлге жеңілдік қарастырылған жолдама;
  • Қазақстанның көрікті жерлеріне туристік сапарлар;
  • университет асханаларында студенттер мен қызметкерлерге 1 айға тегін тамақтану талоны;
  • студенттерге "жол ақшаларын" қосымша төлеу;
  • бағалы сыйлықтар;
  • студенттер мен қызметкерлерге арналған ағылшын тілін оқыту сертификаттары;
  • ағылшын тілі бойынша IELTS/TOEFL емтихандарына дайындалуға жеңілдік.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті:

  • сауықтыру орталықтарына 50 тегін жолдама;
  • Түркістан және Семей қалаларына тарихи орындарға тегін жолдама;
  • студенттік спорт орталығына тегін абонементтер;
  • қазақ және ағылшын тілдерін үйренуге арналған тегін сертификаттар;
  • ірі сауда орталықтарында тауарларды сатып алу үшін вакцинацияланған оқытушыларға 40 ақшалай сертификат.

НАРХОЗ университеті:

  • вакцинацияланған талапкерлерге арналған ЖОО-ның жеке гранттары (талап етілетін GPA сақталған жағдайда мерзімді ұзарту мүмкіндігімен бір курста оқу ақысын төлеу);
  • 2, 3, 4-курс студенттері, магистранттар мен докторанттар үшін ЖОО-ның жеке гранттары (талап етілетін GPA сақталған жағдайда мерзімді ұзарту мүмкіндігімен бір курста оқу ақысын төлеу);
  • Curriculum сәйкес MBA бір курсын (дисциплинаны) тегін оқуға 3 орын.

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті:

  • ЖОО-ның вакцинацияланған қызметкерлері мен оқытушыларына 10 000 теңге мөлшерінде біржолғы сыйлықақы;
  • студенттер үйіндегі бассейнге баруға 50% жеңілдік;
  • 30 студентке туристік жолдамалар;
  • 3 ноутбук;
  • вакцинацияланған студенттер арасында оқу ақысын төлеу кезінде 30, 50, 100% жеңілдік алуға лотерея ұтысы;
  • ағылшын тілін оқыту бойынша тегін курстар.

ЕСКЕРТУ: конкурстар барлық білім алушының 60%-тен астамы вакцинациядан өткен кезде өткізіледі.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

  • 100 білім алушыға бір жылдық оқу ақысына (2021-2022 оқу жылына) 5% жеңілдік;
  • 50 білім алушыға 20 000 теңге ақшалай сыйақы;
  • 50 білім алушыға Қапшағай жағажайындағы "Ұстаз" демалыс орнына жолдама;
  • 60 бакалавр түлектеріне магистратураға түсу үшін "I teach in English" ағылшын тілі бойынша дайындық курсына тегін сертификат;
  • 20 білім алушыға кітап сатып алу үшін 10 000 теңге көлеміндегі сертификат
  • 100 білім алушыға "Abai University" имидждік өнімдер жиынтығы.

Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті:

  • "Үздік куратор-мотиватор" байқауының жеңімпазына туристік жолдама немесе Абай туған жеріне саяхат;
  • 15 000 теңге сомасына 50 сертификат;
  • 2021-2022 оқу жылында оқу ақысын төлеу кезінде 5% жеңілдік.

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университеті:

  • ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай студенттерге Нұр-Сұлтан қаласына 30 тегін жолдама;
  • қызметкерлер мен студенттерге спорт-сауықтыру кешенінде бассейнге арналған 30 тегін абонемент;
  • жазғы сауықтыру лагеріне студенттерге арналған 30 тегін жолдама;
  • қызметкерлер мен студенттерге фитнес-залға 30 тегін абонемент;
  • 30 студентке бір оқу жылының көлемінде жатақханада тұруға 50% жеңілдік.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті:

  • Конституция күніне қызметкерлер мен оқытушыларға сыйақы беру;
  • "Сосновый бор" шипажайына 10 тегін жолдама;
  • 2021-2022 оқу жылында оқу ақысын төлеу кезінде 10% жеңілдік;
  • 2021-2022 оқу жылында әскери кафедраның оқу ақысын төлеу кезінде 10% жеңілдік;
  • қосымша білім беру курстарын тегін ұйымдастыру;
  • 2021-2022 оқу жылында студенттер үйінде тұруға 50% жеңілдік.

М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

Студенттер үшін:

  • Түркістан мен Қазығұрттың киелі жерлеріне бір күндік автотур-экскурсия;
  • университет лагеріндегі 3 күндік жазғы мектеп;
  • вакцинацияланған студенттер арасында Shymkent BIKE-ден бір айлық абоненттік билеттердің ұтыс ойынын ұйымдастыру;
  • 5 білім алушыға TOEFL емтиханын тегін тапсыру мүмкіндігі.

Оқытушылары мен қызметкерлері үшін:

  • Сарыағаштағы санаторлық-курорттық демалысқа 10 жолдама (ұтыс ойыны кездейсоқ сандарды генерациялау әдісімен ойнатылады);
  • 10 оқытушы мен қызметкер үішн TOEFL емтиханын тегін тапсыру мүмкіндігі;
  • университеттің 8 оқытушысы мен қызметкері жатақханада 1 ай мерзімде (тамыз) тегін тұрады;
  • 30 қызметкер мен оқытушыны ақшалай көтермелеу.

Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті:

  • вакцинацияланған студенттер мен оқытушылар үшін ағылшын тілі курстарына тегін сертификаттар.
Жаңалықтар
0