Қоғам

Қазақстанда кейбір көлік қозғалысына шектеу енгізілді

© Sputnik / Владислав ВодневДорожная разметка
Дорожная разметка - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.07.2021
Жазылу
Биыл солтүстік аймақтарда шектеулер 15 тамызға дейін жалғасады. Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 31 тамызға дейін сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін ауыр салмақты көлік қозғалысы шектеледі

НҰР-СҰЛТАН, 1 шілде – Sputnik. Қазақстанда ауыр салмақты көліктер үшін уақытша шектеулер енгізілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

"Жазғы уақытта ауа температурасы 25 градустан жоғары болған кезде осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын көлік қозғалысына уақытша шектеулер жыл сайын енгізіліп отырады", - дейді министрлік мамандары.

Биыл солтүстік аймақтарда шектеулер 1 маусымнан 15 тамызға дейін жалғасады. Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында шектеулер 11:00 - 21:00 аралығында сақталады.

Бұдан бөлек, Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында 1 маусым мен 31 тамыз аралығында сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін ауыр салмақты көліктердің қозғалысы шектеледі.

Шектеу қандай көліктерге қатысты емес

  • халықаралық келісімдерге сәйкес жүк пен жолаушы тасымалдайтындар;
  • төтенше жағдайды жою және алдын алу жөніндегі іс-шаралар жүргізетіндер;
  • зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсететіндер;
  • тез бүлінетін азық-түлікті тасымалдайтын көліктер;
  • жолаушылар мен багаж тасымалдайтындар;
  • дәрі-дәрмек тасымалдаумен айналысатындар;
  • жол-құрылыс жұмысына қажет автокөліктер.
Жаңалықтар
0