Қоғам

Дәмханаға барған астаналық 90 мың теңге айыппұл төледі

© Sputnik / Владислав ВодневАстанчане в Ботаническом парке во время карантина
Астанчане в Ботаническом парке во время карантина - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.06.2021
Жазылу
10 маусымнан бастап Ashyq қосымшасында "қызыл" статусы болып қоғамдық орынға барған қазақстандықтар айыппұл төлейтін болады

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым - Sputnik. Нұр-Сұлтанда Ashyq-та "қызыл" статусы бар тұрғын қоғамдық тамақтану нысанына барғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлады елорда әкімдігінің баспасөз қызметі.

Оқшаулану режимін бұзғаны үшін Байқоңыр аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары тұрғынға қатысты әкімшілік кодекстің 425-бабының бірінші бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікті қарастыратын хаттама толтырды, оған сәйкес 87 510 теңгені (30 АЕК) құрайтын айыппұл салынды.

5 сәуірден бастап Ashyq жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарында үй карантинін бұзған 4039 келуші анықталды. Оның ішінде "қызыл" статусы бар 1888 адам (коронавирус жұқтырған), 2151 адамның "сары" статусы бар (жақын байланыста болған).

Оқи отырыңыз: Карантин күшейтіледі: Нұр-Сұлтанның бас санитар дәрігері жаңа қаулы шығарды

Тек 11-27 маусым аралығында үй карантинін бұзған 491 адам анықталды ("қызыл" статусқа ие, вирус жұқтырған - 247 адам, вирус жұқтырғанмен тығыз байланыста, "сары" статусқа ие - 244 келуші).

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті әкімшілік кодекстің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы 4 хабарлама жасады.

Жаңалықтар
0