Қоғам

Тоқаев мәслихат туралы жарлыққа өзгерту енгізді

© Photo : пресс-служба сената парламента КазахстанаДепутаты на заседании
Депутаты на заседании - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Жазылу
Құжатқа мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіруі бойынша өзгерістер енгізілді

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Президент "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 жарлығына өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Ақорда.

Мәслихаттың үлгі регламентінде:

1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"1. Осы Мәслихаттың үлгі регламенті (бұдан әрі – регламент) "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабына сәйкес әзірленді және мәслихат сессияларын, оның органдарының отырыстарын өткізу, оларға мәселелерді енгізу және қарау, мәслихат органдарын құру және сайлау, олардың қызметі туралы есептерді, халық алдында мәслихаттың атқарған жұмысы және оның тұрақты комиссияларының қызметі туралы есептерді тыңдау, депутаттардың сауалдарын қарау тәртібін, мәслихаттағы депутаттық бірлестіктердің өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыруды, сондай-ақ дауыс беру, аппарат жұмысының тәртібін және басқа да рәсімдік және ұйымдастырушылық мәселелерді белгілейді.";

31 және 32-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

"31. Мәслихат тиісті аумақ әкімінің есептерін тыңдау жолымен жергілікті бюджеттің атқарылуын, аумақтарды дамытудың экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

32. Мәслихат "Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес сессияда тиісті аумақ әкімінің есебін тыңдайды.

Әкімнің (оның міндетін атқарушы адамның) өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындауы туралы есебі және ол бойынша шешімнің жобасы тиісті сессиядан үш апта бұрын мәслихаттың тұрақты комиссияларының қарауына енгізіледі.

Оқи отырыңыз: Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулер енгізді

Мыналар:

1) аумақты дамыту жоспарларының, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларының орындалуы, жергілікті бюджеттің атқарылуы туралы әкім ұсынған есептерді мәслихаттың екі рет бекітпеуі;

2) жергілікті қоғамдастық жиналысының аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастама жасауы мәслихаттың әкімге сенімсіздік білдіру туралы мәселені қарауы үшін негіз болып табылады.

Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімін лауазымынан босату туралы мәселеге бастама жасау Заңның 39-3-бабына сәйкес жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасымен расталады.";

34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"34. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссияларының бюджеттің атқарылуы туралы есептерін мәслихат жыл сайын қарайды.".

Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Жаңалықтар
0