Қоғам

"Үркер" ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды

© Sputnik / Абзал КалиевНа торжественной церемонии награждения премией "Уркер"-2021
На торжественной церемонии награждения премией Уркер-2021 - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Конкурс 11 номинация бойынша өтті. Оның ішінде жылдың үздік суреті мен үздік репортажы да бар

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым — Sputnik. Баспа, радио,  интернет журналистика саласындағы Urker-2021 ұлттық сыйлығының иегерлері анықталды.

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева барлық БАҚ қызметкерін келе жатқан кәсіби мерекемен құттықтады. Ол конкурсқа өтінім жолдаған әрбір маман жоғары марапатқа лайық екенін атап өтті.

"Осы күрделі қызметте нағыз маман екендеріңізді танытып келе жатқандарыңыз үшін сіздерге әріптестерімнің атынан алғыс білдіргім келеді. Журналистика – күш-жігері мықты адамдарға арналған кәсіп деп бекер айтпаса керек. Шынайы әрі ақиқат ақпаратты жеткізудегі сіздердің мақсатқа талпынуларыңызды көріп, біз осыған көз жеткізіп келеміз. Сіздердің мамандықтарыңыз хақыққа қызмет етіп қана қоймай, ол ерекше гуманистік миссияны орындауға да негізделген", - деді Балаева.

Urker-2021 сыйлығының жеңімпаздары:

Жылдың үздік суреті:

Мақсат Шағырбаев, Newsroom.kz.

© Sputnik / Абзал Калиев"Жылдың үздік суреті" номинациясындағы жеңімпаз Мақсат Шағырбаев
Үркер ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
"Жылдың үздік суреті" номинациясындағы жеңімпаз Мақсат Шағырбаев

Жылдың үздік репортажы:

Ануар Әбдірахманов, BaigeNews.kz АА.

Жылдың үздік аналитикалық материалы:

Дина Имамбаева, "Ақиқат" журналы.

Жылдың үздік журналистік зерттеу:

Рысбек Қыдырбек, Aiqyn газеті.

© Sputnik / Абзал Калиев"Жылдың үздік журналистік зерттеу" номинациясы бойынша жеңімпаз Рысбек Қыдырбек
Үркер ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
"Жылдың үздік журналистік зерттеу" номинациясы бойынша жеңімпаз Рысбек Қыдырбек

Жылдың үздік сұхбаты:

Тамара Вааль, Vlast.kz порталы.

Жылдың үздік танымдық материалы:

Өмірбек Сансызбаев, Massaget.kz.

© Sputnik / Абзал Калиев"Жылдың үздік танымдық материалы" номинациясы бойынша жеңімпаз Өмірбек Сансызбаев
Үркер ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
"Жылдың үздік танымдық материалы" номинациясы бойынша жеңімпаз Өмірбек Сансызбаев

Радиостанциядағы үздік жоба:

"Жаңа таң", "NS" радиосы.

Жылдың үздік ақпарат порталы:

Inform.kz.

© Sputnik / Абзал КалиевЖылдың үздік ақпарат порталы - Inform.kz
Үркер ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жылдың үздік ақпарат порталы - Inform.kz

Жылдың үздік газеті:

TÚRKISTAN.

© Sputnik / Абзал КалиевЖылдың үздік газеті - TÚRKISTAN
Үркер ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жылдың үздік газеті - TÚRKISTAN

Жылдың үздік журналы:

"Forbes Kazakhstan".

Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал:

Рыиза Молдашева, "Семей таңы" газеті.

© Sputnik / Абзал Калиев"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал" номинациясының жеңімпазы Рыиза Молдашева,
Үркер ұлттық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
"Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал" номинациясының жеңімпазы Рыиза Молдашева,

Жеңімпаздарға естелік мүсінше мен бір миллион теңге көлемінде сыйақы табысталды.

"Қазақ радиосы" арнайы сыйлықтың иегері атанды.

Осы жылы баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы Urker-2021 ұлттық сыйлығы бесінші рет өтіп отыр.

Оқи отырыңыз: Sputnik Қазақстанның екі тілшісі "Үркер" ұлттық сыйлығының шорт-парағына енді

Конкурс 11 номинация бойынша өтті. Жаңалық ретінде "Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналған үздік материал" номинациясы енгізілді.

Ұйымдастырушылардың қарауына барлығы 340 жұмысты ұсынылды. "Үркердің" шорт-парағына Sputnik Қазақстан тілшісі Ксения Воронина мен Sputnik Қазақстан фототілшісі Владислав Воднев кірді.

Сыйлықты ұйымдастырушы – ақпарат және қоғамдық даму министрлігі, "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қоры және "Қазмедиа орталығы" БК.

Іс-шара демеушілері – "Қазақстан" РТРК және "Хабар" агенттігі" АҚ.

Өткен жылы Sputnik Қазақстан тілшісі Тимур Ниталиев 14 жасар бүркітші жайлы материалы үшін "Жылдың үздік танымдық материалы" номинациясы бойынша Urker ұлттық сыйлығының жеңімпазы атанды.

Жаңалықтар
0