Қоғам

Сенатта Жоғарғы сот судьялары ант берді

© Sputnik / Болат ШайхиновЗдание парламента Казахстана
Здание парламента Казахстана - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.06.2021
Жазылу
Герман Нұрбаев, Ербол Өмірәлиев және Дана Тоқмырзина Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайланды

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Сенат депутаттары Жоғарғы соттың үш судьясын сайлады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Асет Иргалиев - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.01.2021
Қоғам
Үкіметтің жаңа мүшелері ант берді
Мемлекет басшысы сенаторлардың қарауына Герман Нұрбаевты, Ербол Өмірәлиевті және Дана Тоқмырзинаны Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлау туралы ұсыным енгізді.

Депутаттар ашық дауыс беру арқылы аталған кандидаттарды Жоғарғы сот судьясы қызметіне сайлады.

Конституцияға сәйкес, Жоғарғы сот судьяларының антын қабылдау сенаттың ерекше қарауына жатады. Жоғарғы сот судьясы қызметіне алғаш рет сайланған азамат ант беруі керек.

"Өз міндеттерімді адал және абыройлы атқаруға, сот төрелігін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына ғана бағына отырып жүзеге асыруға, судья ретінде борышым міндеттегендей бейтарап және әділ болуға салтанатты түрде ант етемін", - деді жаңадан сайланған судьялар.

Жаңалықтар
0