17:24 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Төтенше жағдай және карантин (867)
221 0 0

Қала әкімі коронавирус инфекциясының жұқтыру көрсеткіші азаймаса локдаунға қайта оралуға тура келетінін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Елорданың әкімі Алтай Көлгінов қала тұрғындары мен қонақтарына үндеу жолдады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Өздеріңіз білетіндей, қаламызда "Дельта" штаммы (үнді штаммы деген атаумен белгілі) инфекциясының алғашқы жағдайлары тіркелді. Науқастар саны азаймай тұр. Өткен тәуліктің өзінде инфекцияның 413 жағдайы анықталды. Мыңнан астам адам инфекциялық стационарларда жатыр. Төсек-орындардың жартысынан көбі толды", - деп жазды Көлгінов әлеуметтік желідегі парақшасында.

Оның айтуынша, реанимация бөлімінде 100 науқас жатыр. 21 адамға өкпені жасанды желдету аппараты қосылды. Медицина қызметкерлеріне артылған жүктеме бірнеше есе өсті және өсіп жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алтай Кульгинов (@altay_kulginov_official)

"Қазір ғылымға қарсы тұратын уақыт емес. Ғылымның көмегімен жыл сайын жер бетіндегі миллиондаған адам денсаулығын сақтап, аман қалады. Ғылым ғана адамды жаңа, қауіпті вирустар мен инфекциялардан сақтануға көмектеседі. Вакцина арқылы өзіңізді, отбасыңызды және айналаңыздағы жұртты қорғай аласыз", - дейді қала басшысы.

Осы орайда коронавирус инфекциясының жұқтыру көрсеткіші азаймаса, қала тұрғындары мен ШОБ нысандары қатаң санитарлық нормаларды сақтамайтын болса, локдаунға қайта оралуға тура келетінін айтты.

Тәуекел тобындағы азаматтарға міндетті түрде вакцина алғаны жөн.

Оқи отырыңыз: Барлық қазақстандық вакцина салдыруға міндеттеле ме - үкімет жауабы

Бұл топқа педагогтар, медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер, мектеп, балабақша, университет қызметкерлері, қызмет көрсету салалары, яғни ХҚО, банктер, СОО/СҮ, шаштараздар, сұлулық салондары, талапкерлер (18 жасқа толған), сондай-ақ қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ететін қызметкерлер жатады. Егер аталған ұйым қызметкерлері вакцинацияланбаса, нысанның жұмысы тоқтатылады.

Вакцина алған қызметкерлер үшін жұмыс орындары қол жетімді. Екпе алмағандар (медициналық рұқсаты бар қызметкерлерді есептемегенде), қашықтан жұмыс істеу және оқу форматына жіберілуі керек.

Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин (867)
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып