Қоғам

Барлық қазақстандық вакцина салдыруға міндеттеле ме - үкімет жауабы

© Sputnik / Тимур Батыршин Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata
 Вакцинация в ТРК Mega Center Alma-Ata - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Вице-премьер барлық азаматты міндетті вакциналау мәселесі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Үкімет басшысының орынбасары Ералы Тоғжанов барлық қазақстандықты вакциналауды енгізу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Меніңше, қалай болғанда да бәріміз вакцина салдырамыз. Осы бағытты ұстанамыз. Сондықтан қолдау болады деп сенемін. Қалғаны эпидемиологиялық жағдайға байланысты болады. Жағдайды ушықтырып жіберуге болмайды. Сол себепті бүгінде алғашқы әрі нақты қадамдар жасалды", - деді Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, қазіргі кезде барлық аймақта алдымен қызмет көрсету саласының қызметкерлерін вакциналау шаралары қолға алынып жатыр.

"Алдағы шаралар осы жұмыстың нәтижесіне байланысты болады", - деп атап көрсетті Тоғжанов.

Ал денсаулық сақтау министрі вакцина салдыру міндетін барлығына бірдей енгізу үшін заңнамаға өзгеріс енгізу керектігін жеткізді. Оған да біраз уақыт қажет. 

"Кез келген заңды өзгерту үшін оны талқылаудан өткізу керек. Оған кем дегенде жарты жыл кетеді. Ондай өзгерістер мен түзетулерді енгізу үшін кей кезде бір жыл қажет. Дегенмен, қазіргі кезде бір қолданыстағы заңнаманың механизмдерін іске қосып жатырмыз, кейбір адамдарға таңдау беріп отырмыз. Вакцина салдыра ма, ПТР-тест тапсыра ма, өздері шешеді. Жалпы, халық үшін екпе салу ерікті түрде болып қалып отыр", - деді Цой.

Айта кетейік, коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қызмет көрсету саласында, өнеркәсіп кәсіпорындарында және өзге де 20 адамнан асатын ұжымдарда міндетті вакциналауды енгізуді ұсынды. Ал екпеден бас тартқандар апта сайын ПТР-тест тапсырады. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысынан кейін осы талаптар заңды күшіне енеді.

Оқи отырыңыз: Цой вакцина салдырмайтындар үшін ПТР-тесттің ақысын кім төлейтінін айтты

 

Жаңалықтар
0