Қоғам

Вице-премьер вакциналаудың жаңа талабы жайлы: азаматтардың құқығы бұзылып отырған жоқ

© AFP 2024 / GABRIEL BOUYSШприцы с вакциной от коронавируса, подготовленные для инъекций
Шприцы с вакциной от коронавируса, подготовленные для инъекций  - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Үкімет басшысының орынбасары вакцина салдыру мен ПТР-тест тапсыру міндеті барлық адамға қатысты емес екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов вакцина салдыру мен ПТР-тест тапсыру міндеті азаматтардың конституциялық құқығын бұзбайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қызмет көрсету саласында, өнеркәсіп кәсіпорындарында және өзге де 20 адамнан асатын ұжымдарда вакцина салдыру талабын енгізуді ұсынды. Ал екпеден бас тартқандар 7 күн сайын ПТР-тест тапсыруға міндетті болады. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысынан кейін осы талаптар заңды күшіне енеді. 

"Мен өзім конституциялық құқықтарды бұзуды көріп отырған жоқпын. Біз таңдау ұсынып отырмыз. Вакцинадан бас тартқандар ПТР-тес тапсыра алады. Біз көрші елдерде болып жатқан жағдайды жақсы білеміз. Сондықтан халықтың денсаулығы мен өмірін сақтап, қауіпсіздігін қамтамасыз етуіміз керек", - деді Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Осы орайда үкімет басшысының орынбасары вакцина салдыру мен ПТР-тест тапсыру міндеті барлық адамға қатысты емес екенін ерекше атап өтті. Мәселен, комиссияның ұсынысы аясында қызмет көрсету саласы енгізіліп отыр. Себебі дәл осы қызметке жүгінетін адам көп. Вирустың таралу қаупі де жоғары. 

"Біз ешкімді міндеттеп отырғын жоқпыз. Бірақ қызмет көрсету саласында қауіпсіздікті қамтамасыз етугі міндеттіміз. Өйткені ондай жерлерге күнде мыңдаған адам келеді. Қазіргі жағдайды дұрыс түсінуіңізді сұраймын", - деп атап көрсетті Тоғжанов.  

Премьер-министрдің орынбасары халықты вакцина салдыруға үндеді. Республика бойынша екпенің 2,4 миллион дозасы бар. Екі аптаның ішінде тағы екі миллион вакцина жеткізіледі. 

"Бұл – ерікті шара. Бірақ жаңа қауіп-қатерлерді ескере отырып, қосымша шараларды қабылдауға тура келді", - деді Тоғжанов.

Оның сөзіне қарағанда, коронавирусқа қарсы вакцина бар. Бірақ екпе салу шаралары баяу жүргізіліп жатыр. Ендігі мақсат – күніне 70 мың адамға вакцина егу.

Оқи отырыңыз: Жиырма адамнан асатын ұжымды міндетті түрде вакциналау енгізіледі



Жаңалықтар
0