Қоғам

Қазақстанда локдаун енгізіле ме – Тоғжанов жауап берді

© Sputnik / Владислав ВодневЖители Нур-Султана вышли на прогулку после ослабления карантина
Жители Нур-Султана вышли на прогулку после ослабления карантина - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.06.2021
Жазылу
Премьер-министрдің орынбасарының айтуынша Қазақстан бойынша локдаун енгізу мәселесі қаралып отырған жоқ. Алайда бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов үнді штаммына байланысты локдаун енгізу мәселесін түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бүгінде Қазақстан бойынша локдаун енгізу мәселесі қаралып отырған жоқ. Бұған дейін ведомствоаралық комиссияның отырысында біз шектеу енгізуге қатысты ұсыныс енгіздік, ары қарай эпидемиологиялық жағдайға қараймыз", - деді Тоғжанов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Айта кетейік, коронавирус инфекцияcының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігеріне карантинді күшейту бойынша қосымша шаралар қабылдауды ұсынды.

Оқи отырыңыз: Тоғжанов карантин тәртібін бұзғандарға ескерту жасады

Нұр-Сұлтан қаласында "Дельта" ("Үнді") штаммына тән COVID-19 мутациясының анықталуына байланысты ведомствоаралық комиссия бірқатар ұсыныс дайындады. Олар:

  • COVID-19-ға қарсы вакцинасыз (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) қызмет көрсету саласының қызметкерлері, ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар) үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізу;
  • КВИ-ға қарсы вакцина алудан бас тартатын (КВИ-ға қарсы вакциналауға медициналық қарсы көрсетілімдері жоқ азаматтар) қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабын енгізу;
  • "Ashyq" жобасына жаңа кәсіпкерлік субъектілерін қосу үшін, сондай-ақ жоба аясында жұмыс істеп тұрған субъектілердің жұмысын одан әрі жалғастыру үшін барлық персоналды (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және ауырып шыққан адамдарды қоспағанда) вакциналау қажеттілігі жөнінде талап енгізу;
  • "Ashyq" жобасына сауда ойын-сауық орталықтарын, сауда үйлері мен азық-түлік емес базарларды қосу.
Жаңалықтар
0