Қоғам

Оңтүстік аймақтарда жанар-жағармай қымбаттап кетті – министрлік себебін түсіндірді

© Sputnik / Алексей Сазонов / Медиабанкке өтуЗаправка автомобиля на автозаправочной станции,архивное фото
Заправка автомобиля на автозаправочной станции,архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Жазылу
13 маусымнан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауытында бензиннің технологиялық режимде өндіру басталды. Соңғы төрт-бес күннің ішінде орташа есеппен 6,5 мың тонна бензин мен, шамамен, 6 мың тонна дизельді отын шығарылады

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Жақын арада оңтүстік аймақтарда бензин мен дизельді отын мәселесі шешіледі. Бұл туралы энергетика вице-министрі Әсет Мағауов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Осы жолы Шымкент мұнай өңдеу зауытын жөндеу жұмыстары 45 күнге созылды. Бірақ оған дейін 293 мың тонна бензин мен 311 мың тонна дизельді отынның қоры жиналған болатын. Негізі, қажетті жанар-жағармай дайындалды. Бүгінде күрделі жұмыстар аяқталса да, запаста 227 мың тонна бензин мен 213 мың тонна дизельді отын бар", - деді Мағауов орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте.

Оның айтуынша, 13 маусымнан бастап Шымкент мұнай өңдеу зауытында бензиннің технологиялық режимде өндіру басталды. Соңғы төрт-бес күннің ішінде орташа есеппен 6,5 мың тонна бензин мен, шамамен, 6 мың тонна дизельді отын шығарылады. Ал оңтүстік аймақтардың сұранысы 5,3 мың тонна бензин мен 5,6 мың тонна дизельді құрап отыр.

"Дегенмен, бензинді жөнелту бойынша бірқатар логистикалық қиындықтар туындады. Осыған байланысты өндірілген жанар-жағармайдың жартысын ғана жеткізуге мүмкіндік болды. Содан "Қазақстан теміржолы" компаниясымен және экспедиторлармен консультациялар өткізілді. Қазіргі кезде біз жеткізілетін бензиннің көлемі қалпына келтірдік. Жақын күндері теміржолмен оңтүстік аймақтарға 4,3 мың тонна бензин мен 4,2 мың тонна дизельді отын жөнелтіліп тұрады деген жоспар бар. Оған қоса, Шымкенттегі мұнай базасы арқылы құбыр арқылы 1,2 мың тонна бензин мен дизель отыны түсіріледі, ары қарай жанар-жағармай станцияларына таратылады", - деп атап көрсетті Мағауов.

Вице-министр осы шаралардың арқасында жақын арада бензин мен дизель мәселесі шешіледі деп отыр.

Оқи отырыңыз: Тоқаев азық-түлік бағасын төмендетуді тапсырды

"Күні кеше мұнай өнімдерін жеткізу жоспары асыра орындалған болатын. Зауыттан 7,3 мың тонна бензин мен 6,5 мың тонна дизельді отын шығарылды", - деді Мағауов.

Осы орайда журналистер кейбір жанар-жағармай станцияларында дизельді отынның бір литрі 300 теңгеге дейін қымбаттап кеткенін айтты. Вице-министрдің сөзіне қарағанда, кәсіпкерлер бәрібір бағаны түсіруге мәжбүр болады.

"Енді, кейбір АЗС-тар қазіргі жағдайды пайдаланып, бағаны өсіріп отырған шығар. Бірақ ары қарай түсіруге мәжбүр болады. Өйткені көтерме баға өзгерген жоқ. Ол бұрынғы бағамен келу керек деп отырмыз", - дейді Мағауов.

Жаңалықтар
0