Қоғам

Нұр-Сұлтанда карантин күшейтілуі мүмкін

© Sputnik / Владислав ВодневНаклейка на полу "Соблюдайте дистанцию"
Наклейка на полу Соблюдайте дистанцию - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.06.2021
Жазылу
Елордада жүргізілген скринингтің алдын ала нәтижесі вирустың мутациясын анықтады, ол "дельта" штамына тән екенін көрсетіп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда "үнді" штаммының анықталуына байланысты эпидемиологиялық талаптар күшейтіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Вице-премьер Ералы Тоғжанов эпидемиологиялық жағдай тұрақты екенін атап өтті. Соңғы айда коронавирус инфекциясымен ауру көрсеткіші 1,7 есе төмендеген.

"Дегенмен бүгінде әлемде, оның ішінде көршілес елдерде аурушаңдықтың кезекті рет өсуі байқалып отыр. Коронавирус инфекциясының жаңа штаммдары жедел тарап жатыр. Нұр-Сұлтанда жүргізілген скринингтің алдын ала нәтижесі вирустың мутациясын анықтады, ол "дельта" штамына тән екенін көрсетіп отыр. Осыған байланысты өңір әкімдерінен эпидемиологиялық ахуалды бақылауды күшейтуді сұраймыз. Босаңсуға ешқандай негіз жоқ", -деді Тоғжанов үкімет отырысында.

Біріншіден, оның айтуынша, бүгін, 22 маусым коронавирустың таралуын тежеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысы өткізіліп, өңірлерде, оның ішінде ең алдымен Нұр-Сұлтанда эпидемиологиялық талаптарды күшейту жөніндегі іс-шаралар қабылданады.

Қазақстанда "үнді" штаммы анықталды: Мамин шұғыл тапсырма берді

Екіншіден, барлық әкім адамдар көптеп жиналатын орындарда, әсіресе демалыс орындарында санитарлық талаптардың, әлеуметтік қашықтықтың, маска режимінің қатаң сақталуына баса назар аударуға тиіс.

Үшіншіден, барлық өңірде мониторинг топтардың жұмысын күшейту қажет, қоғамдық орындарда адамдарды ‎Ashyq қосымшасымен тексеру талабын күшейту керек.

Төртіншіден, халықты вакциналау қарқынын ұлғайту қажет.

Жаңалықтар
0