16:46 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
9666 0 0

Мәжілістің VI шақырылымының депутаты болған Тарас Хитуов ұзаққа созылған сырқаттан өмірден озды. Нығматулин марқұмның отбасына көңіл айтты

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Парламент мәжілісінің экс-депутаты Тарас Хитуов 58 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Мәжілістің баспасөз қызметінің ақпаратынша, Тарас Хитуов ұзаққа созылған аурудан қайтыс болған.

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин бүкіл депутаттық корпус атынан марқұмның отбасына, жақындары мен туған-туыстарына көңіл айтты.

"Тарас Киікбайұлы адал еңбегімен және зор жауапкершілігімен еліміздің заңнамалық базасын жетілдіруге өлшеусіз үлес қосты. Отанының нағыз патриоты ретінде оның жарқын бейнесі халқымыздың және барша жақындарының есінде сақталатыны сөзсіз", - деді спикер.

Тағы оқыңыз: Бұрынғы мәжіліс депутаты Әлімжанов қайтыс болды

Айта кетсек, Тарас Хитуов мәжілістің VI шақырылымының депутаты болды. Соңғы жылдары "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының омбудсмені болып қызмет атқарған еді.

Кілт сөздер:
Мәжіліс, экс-депутат
Загрузка...

Басты тақырып