Қоғам

Алматылықтар кредитті толығымен кешіруді талап етті

© Sputnik / Абзал Калиев Портмоне с деньгами
 Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 17.06.2021
Жазылу
Кредит алған әйелдер мерзімі өтіп кеткен қарызды төлеуге ақшасы жоқ екенін мәлімдеді. Сол себепті осы акцияға шығуға шешім қабылдады

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Алматының бір топ тұрғыны өз проблемасына назар аударудың тың әдісін тапты. Мерзімі өтіп кеткен кредитті төлеп жүрген әйелдер сиыр мен қойдың ішек-қарнын банкке алып барған. Осы акция арқылы ішкі органдарын сатпай, кредитті төлей алмайтындарын көрсеткісі келді.

Акцияға келгендер кейбір кредитті бес жылдан астам уақыт бойы төлемеген. Бірнеше жыл бұрын мемлекет тарапынан оларға кредиттің бір бөлігін өтеуге көмек жасалған. Алайда соның өзінде қарызды жабуға ақша болмай тұр.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда 750 миллиард теңге кредитті төлеу мерзімі кейінге шегерілді

Мәселен, Сағида Сұлтаниязова 2007 жылы ипотекамен 17 миллион теңгеге үй сатып алған. Кредиттің мөлшерлемесі 23 процент болды. Бірақ көп ұзамай, аяғын зақымдап алды. Содан қаржылай проблемалар басталып, табысы күрт төмендеген. Ипотекасын төлей алмай қалды. Мемлекет қарыздың жартысын өтеуге көмектесті. Алайда жалғызбасты әйел кредиттің қалған бөлігін жаба алмады. Қазір банкке 3 процентпен 4 миллион теңгені қайтару қажет.  Ай сайынғы төлем – 27 мың теңге. Бірақ 55 жастағы әйел осы соманы да көтере алмай отыр. 

"Менің кәмелет жасқа толмаған балам бар. Ал 14-15 жастағы баланы тәрбиеге салу оңай емес. Аяғым ауырады, өте қиын болып тұр ", - деді Сұлтаниязова 31 арнаға берген сұхбатында. 

Қаржы нарығын дамыту және реттеу агенттігі пандемия кезінде қарыз алған адамдардың жағдайы нашарламағанын мәлімдеді. Адамдар кредитті жиі ала бастады. Ал проблемалық қарыздар азайды. Оған кредитті рәсімдеу тәртібін бақылауды күшейту шаралары да әсер еткен.

"Мәселен, табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен адамдарға кредит беруге тыйым салынды. Тұтынушылық кредиттерге қатысты талап күшейді", - дейді агенттік өкілі Азамат Кенже.

Ал экономист Андрей Чеботаревтың ойынша, кейбір адамдар 2019 жылғы кредитті кешіру шарасы қайта өткізіледі деп үміттенеді. Ол кезде әрбір қарыз алушының 300 мың теңгесі өтелді. Осы шарамен 440 мың адам қамтылған болатын. Сарапшы ондай жеңілдіктер масылдық психологиясына себеп болады деп санайды.

"Мен танитын кейбір адамдардың арасында "Кредитке жақсы бір айфонды кредитке аламын да, артынан төлемей қоямын" дейтін адамдар бар. Бәрібір екі-үш жылдан кейін кешіре салады. Сонда ертең кредитті кешірген банктерді құтқаруға тура келеді", - дейді Чеботарев.

Сарапшы проблемалық кредиті бар адамдарға көмек беру тетіктерінің бар екенін де еске алды. Ондай адамдар банктің кредиттік комитетіне өтініш жаза алады. Сол жерде процентті азайтып береді, я болмаса, кредитті төлеу мерзімін шегереді. Алайда ондай жеңілдіктерді жаппай жасауға болмайды.

Жаңалықтар
0