21:19 29 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.64
  • EUR501.63
  • RUB5.78
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
104 0 0

Театр директоры, оның орынбасары, мердігер ұйымдар мен техникалық қадағалау өкілдері театрды жөндеуге бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталды  

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданының №2 аудандық соты М.Горький атындағы орыс драма театрының басшыларына қатысты сот үкімін жариялады, деп хабарлады елорда сотының баспасөз қызметі.

Осы сот талқылауы аясында мердігер ұйымдар мен техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты да үкім шығарылды.

Олардың барлығы театрды күрделі жөндеуге және қалпына келтіруге бөлінген қаржыны жымқырды деп айыпталды.

Театр директоры Қасеновке өзінің орынбасары Сәттібаевпен 4 эпизод бойынша алдын ала сөз байласу арқылы ақша жымқырды және жымқыруға оқталды деген айып тағылды.

Сондай-ақ сотталушылардың қатарында "АДС САПА" ЖШС техникалық қадағалау сарапшысы Ербатыров, "СТ-Инженеринг" ЖШС директоры (қалпына келтіру бойынша техникалық қадағалау) Кенжетаев болды, бұл қылмысты "Ади-Жан" ЖШС директоры Дастанов пен "Астана-Көкше" ЖШС директоры Байсалбеков ұйымдастырған.

Сот Қасенов, Дастанов, Ербатыровтың театрды күрделі жөндеуге бөлінген 370,5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны жымқырғанын анықтады.

Сондай-ақ, Қасенов пен Байсалбеков жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарына бөлінген 32,5 миллион теңге көлеміндегі ақшаны ұрлаған.

"Мамандар мен сараптамалардың қорытындысы негізінде төлем жасалған актілердің жалған екені анықтады. Актілерге іс жүзінде орындалмаған жұмыстар мен қызметтер енгізілген", - делінген сот хабарламасында.  

Сот Сәттібаев, Дастанов, Байсалбеков пен Кенжетаевтың жас балаларының болуын жеңілдететін мән-жай ретінде қарастырды.

Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.

Әрбір сотталушының қылмысқа қатысу рөлі мен дәрежесін, келтірілген шығынның бір бөлігін (370,5 миллион теңгенің 9 миллионын) өтегенін ескере отырып, сот мынадай жаза кесті:

  • Қасенов 9 жылға бас бостандығынан айырылды,
  • Дастанов, Байсалбеков 8 жылға бас бостандығынан айырылды,
  • Ербатыров 7 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды,
  • Сәттібаевтың 2 жылға бас бостандығы шектелді.
  • Кенжетаев 3 жыл мерзімге шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Қасенов өмір бойына, ал Сәттібаев 3 жыл мерзімге мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Сотталушылар мен азаматтық жауапкерлерден шығын өндірілді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.  

Загрузка...

Басты тақырып