17:20 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
COVID-ке қарсы вакцина (327)
97 0 0

Коронавируспен ауырғаннан кейінгі антиденелер вирустың барлық компонентіне қарсы тұра алады. Ал екпеден кейінгі антиденелер вирустың белсенді әрі агрессивті компоненттерінен қорғайды

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Коронавирус инфекциясымен ауырғаннан кейін және екпе салдырған жағдайда адам ағзасында вирусқа қарсы антиденелер бөліне бастайды. Sputnik радиосына сұхбат берген ресейлік инфекционист, вакцинолог Евгений Тимаков осы антиденелердің айырмашылығы мен өзара әсерін түсіндірді.

"Адам коронавируспен ауырғанда иммундық жүйе вирустың барлық компонентіне қарсы антиденелерді шығаруға тырысады. Ал вакцина салдырғанда вирустың белсенділігін күшейтетін нақты бір компонентке қарсы қорғаныс қалыптасады. Мәселен, "Спутник V" препараты көбінесе S-ақуызына қарсы тосқауыл қояды. Дәл осы компонент коронавирусқа адам ағзасындағы жасушаларға кіріп кетуге көмектеседі", - дейді маман. 

Осылайша коронавирус инфекциясы үшін S-ақуызы өте маңызды компонент болып саналады. Вакцина оған тосқауыл жасайды. Ал коронавируспен ауырып шыққаннан кейінгі антиденелердің барлығы бірдей адам ағзасын қорғай алмайды.   

"Барлығы адамның иммундық жүйесіне және сырқаттың қаншалықты ауыр болғанына байланысты болады. Егер адамның ағзасы әлсіз, ал вирус иммундық кедергілерді айналып өтсе, онда антиденелер толыққанды қалыптаспайды. Иә, саны көп болуы мүмкін. Алайда сапасы төмендеу болады", - дейді Тимаков.

Оның айтуынша, адам коронавирустың орташа ауыр формасымен ауырып шықса, жақсы антиденелер қалыптасады. Ал ауыр формасы кезінде коронавирус иммунитетті айналып өтеді, тіпті андиденелер болмауы да мүмкін.

"Ал вакциналаудан кейінгі антиденелердің тиімділігі жоғары. Екпе салдырғаннан кейін иммундық қорғаныс жүйелі түрде қалыптасады. Алдымен антиденелер, сосын нақты антиген, сөйтіп ең соңында жасушалар вирусқа толығымен бейімделеді", - деп түсіндірді Тимаков.

Осы орайда маман маңызды мәселені атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, коронавируспен ауырып шыққаннан кейінгі және екпенің нәтижесінде бөлінген антиденелердің арасында қарама-қайшылық болмайды. Ол жағынан алаңдаудың қажеті жоқ. 

"Коронавируспен ауырғаннан кейін екпе жасасаңыз, қауіпті ештеңе жоқ, қайта иммунитет күшейіп, вирустың қауіпті компоненттерінен қорғайды", – деді вакцинолог.

Дегенмен инфекциядан кейін қажетті антиденелер бөлінсе, ең бастысы, жақсы иммунитет болса, алты айдың ішінде вакцина салдырмауға да болады.

Тақырып:
COVID-ке қарсы вакцина (327)
Кілт сөздер:
вакцина, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып