НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. 15 маусымнан бастап Алакөлге баратын "Алматы – Достық" бағытындағы жаңа жолаушылар пойызы іске қосылды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ақпаратынша, пойыз аптасына екі рет жүреді.
Сонымен қатар 18 маусымнан бастап "Алматы-Достық" бағыты бойынша тағы бір жолаушылар пойызын шығару жоспарланып отыр. Ол аптасына 3 рет қатынайды.
Сондай-ақ Нұр-Сұлтан қаласынан қазіргі жолаушылар пойыздарының схемасы кемінде екі вагонға ұлғайтылады: №258/257 Нұр-Сұлтан – Достық және №54/53 Нұр-Сұлтан –Достық.
Тағы оқыңыз: "Қасиетті су ғой": әкім Алакөлде не себепті ПТР-тест сұралмайтынын түсіндірді
Ведомство ақпаратынша, жолаушылар ағыны артқан сайын тіркемелі вагондардың саны әлсін-әлсін көбейеді.
Бүгінде Алакөл көлі бағыты бойынша келесі маршруттар ұйымдастырылған:
Нұр-Сұлтаннан:
- № 54/53 "Нұр-Сұлтан Нұрлы жол-Достық" (жыл бойы), дүйсенбі, жұма;
- №258/257 "Нұр-Сұлтан-1-Достық" (20 маусымнан бастап), бейсенбі, жексенбі;
- "Нұр-Сұлтан-1-Достық" №122/6942/6941/121 (жыл бойы) пойыздарындағы тікелей қатынайтын вагондар, жұп күндері.
Алматыдан:
- №453/454 "Алматы-2-Достық" (жазғы 18 маусымнан бастап), дүйсенбі, сәрсенбі, жұма;
- №21/6942/6941/22 Алматы-1-Достық (жазғы) пойыздарындағы тікелей қатынайтын вагондар, жұп күндері.