16:18 05 Тамыз 2021
Тікелей эфир
  • USD424.02
  • EUR502.76
  • RUB5.82
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
Коронавирус эпидемиясы (2570)
6658 0 0

Қазақстанмен шекаралас елдерде қалыптасқан жағдай елдің денсаулық сақтау министрлігін алаңдатып отыр  

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Қазақстанның бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерлан Қиясов азаматтарды коронавирусқа қарсы вакцина салдыруға шақырды.

"Әлем елдерін індеттің қайта таралуы алаңдатуда. Бәрі COVID-19 вирусының үшінші толқыны туралы айтып жүр. Әсіресе, вакциналау деңгейі өте төмен елдерде вирус жұқтыру көрсеткіші күрт артты. Жер жүзінде 176 миллионнан астам адам вирус жұқтырды, күн сайын 290 мыңнан аса жаңа науқас тіркелуде. 3,8 миллионнан аса адам қайтыс болды. Қазақстанмен шекаралас аймақтарда қалыптасқан қауіпті жағдай бізді алаңдатып отыр", - деді Қиясов үндеуінде.

Айтуынша, Ресей мен Қырғызстанда өткен жылмен салыстырғанда індетке шалдыққандардың рекордтық өсімі тіркелуде. Алайда Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты, деп сендірді ол.

"Қазақстанның қазіргі эпидемиологиялық ахуалы тұрақты, тұрғындар арасында вирус жұқтыру деңгейі төмендеген. Алайда жазда біздің отандастарымыз алыс-жақын шет мемлекеттерге барып демалады. Соның ішінде СOVID-19-дың таралуы бойынша эпидемиологиялық жағдайы алаңдатарлық елдер де бар. Мұны ескермеуге болмайды", - деді бас санитар дәрігер.

Осы орайда Қиясов шетелде демалуды жоспарлаған қазақстандықтарды өзі мен жақындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырды.

Тағы оқыңыз: Мутацияланған коронавирусты кім тасымалдайтыны анықталды

"Вакциналау сіздің ағзаңыздың вирусқа қарсы қорғанышын қамтамасыз етіп, саяхатты қауіпсіз өткізуге мүмкіндік береді. Жазғы демалысты алаңдамай, ойдағыдай өткізу үшін COVID-19-ға қарсы екпе алыңыз. Вакцина сізге еш қиындықсыз елге оралуға, өзіңіз бен жақындарыңызды қорғауға мүмкіндік береді", - деп түйіндеді ол.

Бұған дейін премьер-министр Асқар Мамин көрші елдерде вирустың қайта күшеюіне байланысты қосымша шаралар қабылдауды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойдың айтуынша, соңғы аптада ТМД елдерінде індет өсімі байқалған. Соның ішінде Ресейде өткен аптамен салыстырғанда вирус жұқтырғандар саны 1,5 есеге көбейді. Осыған байланысты қосымша шектеу шаралары енгізіліп жатыр.

Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы (2570)
Кілт сөздер:
қазақстандықтар, коронавирус
Загрузка...

Басты тақырып