Қоғам

Ұлттық қор: министр болашақ ұрпақтың ақшасы қаншаға өскенін айтты

© Sputnik / Абзал КалиевНациональная валюта Казахстана тенге
Национальная валюта Казахстана тенге - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
1 маусымдағы жағдай бойынша Ұлттық қордың активтері 27,6 триллион теңгені құрап отыр

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым - Sputnik. Қаржы министрі Ерлан Жамаубаев ұлттық қордағы қаржының қалай өскенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Биыл 1 маусымдағы жағдай бойынша Ұлттық қордың активтері 27,6 триллион теңгені құрап отыр. Соның ішінде 58,5 миллиард доллар көлеміндегі валюталық портфель бар", - деді Жамаубаев онлайн режимде өткен халыққа есеп беру кездесуінде. 

Министрдің айтуынша, 2020 жылда қордың қаржысы 744 миллиард теңгеге өскен.

"Ал министрлік қордың жинақтаушы функциясын күшейту бағытында жүйелі жұмыс атқарып келеді. Атап айтқанда, бюджеттік кодекске кепілдендірілген трансфертті бірітіндеп азайтуға қатысты өзгеріс енгізілді. Осының арқасында ұлттық қор активтерінің жинақталуына ықпал етеді", - деп атап көрсетті Жамаубаев.

Оқи отырыңыз: Досаев Ұлттық қор қаржысын сақтап қалу үшін шаралар қабылдауды сұрады

Айта кетейік, 2000 жылы Қазақстанда Ұлттық қор құрылған болатын. Онда мұнай саудасынан түсетін қаржы жинақталады. 2019 жылы перезидент Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қордан алынатын қаржыны қысқартуды тапсырды. Себебі бұл – болашақ ұрпақтың ақшасы.

"Ұлттық қордан мақсатты трансферт ретінде біраз қаржы бөлінген болатын. Енді, ондай шығындарды қысқарту қажет. Ұлттық қордың ақшасы болашақ ұрпақ үшін сақтап қалуымыз керек", - деді Тоқаев "Егемен Қазақстан" және "Айқын" газеттеріне берген сұхбатында.

Жаңалықтар
0