Қоғам

Нұр-Сұлтан әлі "қызыл" аймақта: вирус жұқтырғандар саны өскен

© Sputnik / Абзал КалиевЛюди гуляют по Водно-Зеленому бульвару в Нур-Султане
Люди гуляют по Водно-Зеленому бульвару в Нур-Султане - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.06.2021
Жазылу
Министр Қазақстан 6 маусымнан бері "жасыл" аймақта тұрғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой елдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуал туралы баяндады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министр Қазақстан 6 маусымнан бері "жасыл" аймақта тұрғанын атап өтті.

"Нұр-Сұлтан әлі де "қызыл" аймақта, өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 7%-ке, 1365-тен 1461-ге дейін өскені байқалады. Қалған өңірлер "сары" және "жасыл" аймақтарда", - деді Цой үкімет отырысында.

Айтуынша, соңғы айда КВИ+ және КВИ- ауырғандар саны тәулігіне 2505-тен 757 адамға дейін немесе 3,3 есе қысқарды. Стационарлық емде жатқандар 2,1 есе, амбулаторлық емдегі науқастар 1,7 есе төмендеді.

Соңғы аптада коронавирус жұқтырғандар саны 16%-ке азайған.

Оқи отырыңыз: Министрлік коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар статистикасын жаңартты

Республика бойынша инфекциялық төсек-орындардың 23%-і (6 655 төсек), реанимациялық төсек-орындардың 21%-і (568 төсек) бос емес.

Сондай-ақ министрдің айтуынша, бірқатар өңірде көпбейінді ауруханаларда инфекциялық бөлімшелер жабылып, төсек-орын қоры азайып жатыр. Мәселен, 19 сәуірдегі жағдаймен салыстырғанда Алматыда төсек-орын қоры 5,6 есе, Алматы облысында 3,6 есе қысқарды.

Жаңалықтар
0