Қоғам

Тоқаев туралы деректі фильм түсірілді

© Sputnik / Владислав ВодневПрезидент Касым-Жомарт Токаев открыл расширенное заседание правительства
Президент Касым-Жомарт Токаев открыл расширенное заседание правительства - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.06.2021
Жазылу
"Хабар" арнасының аңдатпасына сәйкес, деректі фильмнің бірінші бөлімі 11 маусымда сағат 21:30-да, екінші бөлімі сағат 12 маусымда 22.10-да көрсетіледі

АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жайлы деректі фильм түсірілді. Екі бөлімнен тұратын "Преодоление" фильмі "Хабар" телеарнасынан көрсетіледі, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Хабар" арнасының аңдатпасына сәйкес, деректі фильмнің бірінші бөлімі 11 маусымда сағат 21:30-да, екінші бөлімі сағат 12 маусымда 22.10-да көрсетіледі. 

Көрермендер деректі фильмді 13 маусым сағат 22.00 және 22.40-та қайтадан көре алады.

Бірінші бөлімде Қасым-Жомарт Тоқаевтың өмірбаяны, саясаткерлердің Қазақстан презиенті жайлы пікірі көрсетіледі. Екінші бөлімде Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік аренадағы саяси қызметі мен сіңірген еңбегі туралы айтылады.

Оқи отырыңыз: Ресейлік журналист Тоқаев жайлы авторлық хабарын жариялады

Айта кетейік, Қасым-Жомарт Тоқаев 2019 жылы 9 маусымда өткен кезектен тыс президент сайлауында 70,96 пайыз дауыс жинап, Қазақстан Республикасының президенті болып сайланды.

2019 жылы 12 маусымда ҚР Конституциясының 42-бабына сәйкес ант беріп, ресми түрде сайланған президент ретінде мемлекет басшысының лауазымына кірісті.

Жаңалықтар
0