05:45 17 Маусым 2021
Тікелей эфир
  • USD425.63
  • EUR515.99
  • RUB5.92
Қоғам
Қысқа сілтеме алу
67 0 0

Ол Қазақстан коронавирусқа қарсы өз вакцинасын дайындап, шығарған санаулы елдердің бірі екенін атап өтті

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қазақстан коронавирусқа қарсы отандық вакцинаны шет елдерге экспорттауға дайын. Бұл туралы мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Президент Қазақстан ғылыми әлеуетінің арқасында коронавирусқа қарсы өз вакцинасын дайындап, шығарған санаулы елдердің бірі екенін атап өтті.

"Біз вакцина өндірісін ұлғайтуға және шетелге экспортқа шығаруға дайын екенімізді атап өткім келеді", - деді Тоқаев шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында.

Мемлекет басшысы өткен аптада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас директорымен кездесу өткізгенін еске салды. Айтуынша, ұйым QazVac-ты төтенше жағдайларда пайдалануға ұсынылатын дәрі-дәрмектің тізіміне енгізу мәселесін қарастырады.

QazVac – "өлтірілген" вирустан жасалған вакцина. Препарат коронавирус ауруының вирусы мен оған қосылған иммуностимулятордан тұрады. Одан бөлек, құрамында су және аздап тұз бар.

Оқи отырыңыз: ДДСҰ басшысы қазақстандық вакцина туралы мәлімдеме жасады

Былтыр көктемде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы отандық препаратты COVID-19-ға қарсы вакциналық кандидаттардың тізіміне енгізді.

QazVac вакцинасын білім және ғылым министрлігіне қарасты биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары әзірледі.

Тақырып бойынша

Қазақстандық QazVac вакцинасы бірінші кімдерге салынады
QazVac салына бастайды: қазақстандықтар отандық вакцина туралы не білуге тиіс
QazVac вакцинасын қанша адам салдырды – министрлік есебін жариялады
Қазақстанда вакциналау қарқыны не себепті баяулап қалды?
Вакцинаны қашан салдыру керек – қазақстандық профессор кеңес берді
Кілт сөздер:
Қасым-Жомарт Тоқаев, экспорт, вакцина
Загрузка...

Басты тақырып