Қоғам

Тоқаевқа Қазақстанды сән индустриясының орталығына айналдыру ұсынылды

© Photo : Janna Kim/InstagramУтепляемся правильно. С чем сочетать шапан.
Утепляемся правильно. С чем сочетать шапан. - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2021
Жазылу
Батыстың көптеген ірі сән брендтері мен киім дүкендері саяси шектеулерге байланысты жаңа нарық іздеп отыр

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Сарапшы батыстың танымал киім брендтерін Қазақстанда шығаруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Біз Қазақстанда сән және тоқыма индустриясын дамытуға айтарлықтай мүмкіндіктер бар деп санаймыз. Бұл киім-кешек пен тоқыманы елдің жетекші шикізаттық емес экпорттық позицияларының біріне айналдырады. Қазақстан өз өнімін, ең алдымен, ЕАЭО мүшесі ретінде сол елдерде елдерінде тұратын 166 миллион адамға кедендік бажсыз экспорттай алады", - деді Д-р Констанц Ульмер-Айлфорт шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысында.

"Бейкер және Макензи Интернэшнл" төрағасының орынбасары, атқарушы комитеттің мүшесінің айтуынша, Батыстың көптеген ірі сән брендтері мен киім дүкендері саяси шектеулерге байланысты жаңа нарық іздеп отыр. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, олармен киім өндірісі бойынша келісімшарт бекіте алады.

Сарапшы ЕАЭО-ның басқа елдеріне экспортты ұлғайту үшін өндірістік қуаттың сапасын жақсартып, киім және тоқыма өндірісі мен экспорт шығындарын төмендету қажет болатынын айтты.

"Бұл үшін не істеу керек? Елде жаңа заманауи зауыттар мен фабрикалар салу қажет. Бұл үшін жерді ұзақ мерзімге төмен шығындармен жалға беріп, мемлекет тарапынан құрылысқа көрсетілуге тиіс. Салынатын фабрикалар  қазіргі заманғы техника мен технологиялармен жабдықталуы керек. Бұл жұмыс күшіне шығындарды азайтып, бәсекені арттырады", - деді ол.

Сонымен қатар электр энергиясының тарифін төмендету ұсынылды. Соның арқасында жаңа фабрикалардың эксплуатациялық шығындары қысқарады.

Бұған қоса жаңа фабрикаларды сенімді теміржол және автокөлік қатынасымен қамтамасыз ету керектігін айтты.

Оқи отырыңыз: Ұзаққа созылған шикізаттық суперцикл аяқталып келеді – Тоқаев

"Бұл өзгерістер Қазақстанды киім-кешек пен тоқыма экспорты бойынша әлемдік лидерге айналдыра деп күтпейміз. Бірақ тігін және тоқыма салаларының бәсекеге қабілетін әжептәуір арттырады және бұл секторлар Қазақстанның шикізаттық емес экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қосады деп санаймыз", - деді ол.

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы өтіп жатыр.

Жаңалықтар
0